$ 448.15  483.46  4.86

ОҚО-да жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге атсалысып жүрген мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен ОҚО әкімдігінде жастар мен өзінің әскери борышын өтеп жатқан жауынгерлерді эскери-патриоттық тәрбиелеуге атсалысып жүрген мемлекеттік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жиынға ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқығы жөніндегі орынбасары Сабыржан Сүлейменов пен 6506 әскери бөлімінің командирі Жамбыл Қульбаев және аталған саланың өзге де қызметкерлері қатысты.

Басқосуда С.Сүлейменов аймақ басшысына ел Тәуелсіздігінң 25 жылдығына арналған мерейтойылық медаль табыстады. Өз кезегінде, жасалған жоғары құрмет үшін өңір басшысы қонақтарға алғысын білдіріп, Тәуелсіз елдің ең басты қажеттіліктерінің бірі – оның қауіпсіздігі екенін, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу баршаның міндеті екенін жеткізді.

Сондай-ақ, ел шебін қорғаушылармен болған кездесуде І дәрежелі «Ұлттық ұлан» төсбелгісімен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жұмылдыру және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бас инспекторы Мейіркүл Батырбекова марапатталса, ІІ дәрежелі «Ұлттық ұлан» төсбелгісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Төлегенге табысталды.

Айта кетейік, жуырда ғана облыс әкімі болып тағайындалған Жансейіт Түймебаевтың бұл алғашұы ресми марапаттауы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары