$ 443.37  474.49  4.83

ОҚО-да «Оңтүстік өңірдегі ономастика мәселелері» тақырыбында аймақтық конференция өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Оңтүстік өңірдегі ономастика мәселелері» атты аймақтық конференция өтті. Бұл туралы ОҚО әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ономастика саласындағы өзекті мәселелерді кеңінен талқылап, оның шешу жолдары мен әдістерін айқындау және жергілікті жерлердегі мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткен конференцияға облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшылығы және қызметкерлері мен облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары, Шымкент қаласы тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияның бағдарламасына сәйкес, оның жұмысы Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қ. Ағабековтің қатысушыларға арналған сөзімен ашылды. Әрі қарай, ономастика саласында атқарылып жатқан жұмыстар, оның даму көкжиектері, саладағы өзекті мәселелер, ономастикалық қызметтің ғылыми негіздемесі, атқаралып жатқан жұмыстардың заңнамалық және әдістемелік негізі жөнінде баяндамалар оқылды.

Жиын барысында Шымкент қаласы тілдерді оқыту орталығының ұстазы Г.Рүстемова «Тіл әлемі» порталы мен «Атау.кз» «Емле.кз» «Терминком.кз» ақпараттың сайттарының таныстырылымын жасады.
Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздік жылдары елдімекен мен көше атауларының басым көпшілігі қазақшаланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары