$ 443.85  474.3  4.8

Сарыағашта 320 орындық балабақша пайдалануға берілді

Кеше, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесінің аясында Сарыағаш қаласының Самал мөлтек ауданындағы №30 бөбекжай балабақшасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Нысанның ашылу рәсіміне аудан басшысы Қ.Әбдуалиев, «Нұр Отан» Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Тұрсындаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Сүлейменовтер қатысып жаңа ғимараттың лентасын қиды.

Балабақша 320 орындық, құрылыс  жұмыстары 2014 жылы басталып 2015 жылы тапсырылған. Республикалық бюджеттен 529 млн 988 мың теңге қаржыға салынған. Заманауи үлгіде салынған балабақшада толық құрал-жабдық, бүлдіршіндерге арналған жиһаздармен қамтамасыз етілген.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында берген тапсырмасына сәйкес «Балапан» бағдарламасы бойынша Сарыағаш ауданы аумағында 28 мемлекеттік, 162 жекеменшік балабақша мен 30 шағын орталық жұмыс істеп, аудан бойынша балаларды балабақшамен қамту деңгейі 83,4 %  құрап отыр.

Айта кетейік, биыл Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандарында жаңа оқу жылы қарсаңында бірнеше балабақша пайдалануға берілді. Бүгінде республика бойынша балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамту жағынан ОҚО алдыңғы орындардың бірінде. Сондай-ақ, жаңа оқу жылы қарсаңында облыста «25 жылға 25 мектеп» атты акция өтіп, жаңа 25 мектептің құрылысы аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары