$ 449.58  486.94  4.86

ОҚО-да түрік этномәдени бірлестігінің «Менің Қазақстаным - менің жүрегім!» атты мерекелік шарасы өтті

Шымкентте облыстық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным - менің жүрегім!» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Әбілқасым Досболов сөз сөйлеп, бірлігі бекем елдің ғана берекесі артып, мерейі үстем болатындығына тоқталды. Сондай-ақ, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуда облыстық түрік этномәдени бірлестігінің үлесі мол екені айтылды. 

Мерекелік шарада бірлестіктің белсенді мүшелері облыс әкімінің Алғыс хатымен, облыстық мәслихаттың Грамотасымен және «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Барша жұртшылаққа құт мекен болған Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде 70 мыңға жуық түрік этносының өкілдері тұрады. 1989 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан түрік этномәдени бірлестігінің жанында жексенбілік мектеп, жастар қанаты мен ақсақалдар кеңесі құрылған. «Або», «Яшлар» ансамбілдері облыс көлемінде өткізілетін мәдени шараларда өнер көрсетіп келеді.

Айта кетейік, жуырда ғана ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев облыстағы этномәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесіп, олардың есептерін тыңдады. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында атқарылатын жұмыстардың жоспарын әзірледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары