$ 474.72  515.17  5.58

«Ырыс» микроқаржы ұйымы 25 үздік жобаны анықтамақ

ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдық мерейтойына орай «Ырыс» микроқаржы ұйымы өзi арқылы қолдау тапқан кәсiпкерлер iшiнен ең үздiктерiн анықтауды қолға ала бастады.

«Үздiк жоба» аталымы – «Ырыс» қаржы ұйымынан алған несиенi мақсатты пайдаланған, ай сайынғы төлемiн уақтылы қайтарып отырған және облысымыздың кәсiпкерлiк саласын дамытуға үлес қосып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септiгiн тигiзiп отырған 25 кәсiпкерге табысталады.

16 желтоқсанға дейiн жалғасатын шараның нәтижесi туралы барлық ақпаратты жергiлiктi БАҚ пен «Ырыс» МҚҰ-ның әлеуметтiк желiлерiндегi ресми парақшалары арқылы бiлуге болады.

Айта кетейiк, 2011 жылдан берi iске асырылып келе жатқан бұл бағдарламаның басты мақсаты – жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру екенi белгiлi. Жыл басынан берi «Ырыс» МҚҰ арқылы 3 266,9 млн. теңгеге 1499 жоба қаржыландырылды. Оның iшiнде, көктемгi егiс және жинау жұмыстарына құны 1 387,9 млн. теңгенi құрайтын 834 жоба жүзеге асырылса, мал бордақылау алаңдарын салу үшiн 1 427,1 млн. теңгеге 541 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ, шағын тауарлы сүт фермаларын ашу мақсатында құны 79,1 млн. теңгеге 33 жоба iске қосылып, басқа да қызмет түрлерiне кiретiн 91 жоба қаржыландырылды.

Биыл да аталған бағдарлама бойынша облысқа 7 млрд. теңгеден астам қаражат бөлiнiп, оның 3,8 млрд. теңгесi «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы таратылды. Ол жерде кәсiпкерлерге ең жоғарғы сома 3 млн. теңгеге дейiн берiлген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары