$ 444.22  476.38  4.82

Азаматхан Әміртай: Кеңестік құрылыс нормаларын ауыстыруға баса назар аударамыз

Бүгін Астанада «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының бағыттары көпшілікке таныстырылды.

«Бұқараның дағдысында бүгінгі таңда қалыптасқан тұтынушылық қатынас, табиғи ресурстарды шектен тыс жауапсыз пайдаланудың орнына экологиялық таным мен «жасыл» мінез-құлықты қалыптастыруымыз қажет. Сондай-ақ, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін экожүйені экологиялық мониторингілеудің тиімді жүйесін қалыптастыруға, оның нәтижелеріне қалың көпшіліктің қолы жетуіне, экологиялық қауымдастықтың қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздіктің ғылыми негіздерін қамтамасыз етуге қатысты шешімдерді қабылдауға қатысуына ықпал ететін боламыз», - деді Азаматхан Әміртай.

Сонымен қатар, альянс төрағасының айтуынша ғимараттардың энергиялық аудиті мен энергия үнемдеу үшін де бірқатар жұмыстар қолға алынбақ.

«100 қадам» бағдарламасында кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан көнерген құрылыс нормалары мен ережелерін (СНжЕ) (49 қадам) ауыстыру үшін еврокод жүйесін енгізу көрсетілген. Жаңа нормативтерді қабылдау ғимараттар мен кәсіпорындардың үнемі энергиялық аудитін жүргізуге, ғимараттардағы жылу шығынының картасын жасауға, инновациялық технологиялар мен материалдарды қолдануға, құрылыс қызметі нарығындағы қазақстандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ, қазақстандық компаниялардың құрылыс саласында қызмет көрсетуде шетелдік нарыққа шығуына мүмкіндіктер тудырады», - деп атап өтті А.Әміртай.

Айта өтейік, бүгін Астанада экологиялық проблемалармен айналысатын «Байтақ болашақ» экологиялық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі көпшілікке таныстырылды.«Байтақ болашақ» экологиялық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі елімізде өршіп тұрған экологиялық мәселелерді шешу үшін, еліміздің «жасыл» экономикаға көшуін қолдау, ресурстарды үнемдеу әдісін шаруашылыққа енгізу, гуманистік ой қалыптастырып, табиғатқа деген сүйіспеншілікті ояту мақсатымен құрылып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары