$ 443.37  474.49  4.83

Қазақстанда аймақтық БАҚ-тардың альянсы құрылады

Өңірлік БАҚ форумы барысында ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа Қазақстанның өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарын біріктіретін ұйым құру туралы ұсыныс түсті. Бұл ұсынысты «Алматы» телеарнасының бас директоры Әлібек Әлденей жасады.

«Қазақстанның медиа нарығында бүгінгі таңда БАҚ-тың бірқатар қоғамдық ұйымдары бар. Олардың әрқайсысы тар мамандандырылған бағытта жұмыс істейді. Осы ретте, Қазақстанның медиа нарығының негізгі бөлігін өңірлік БАҚ құрайды, бірақ олардың мүдделерін танытып, ілгері жылжытатын ұйым жоқ. Осыған орай, бүгінгі күннің талаптарын ескере отырып, жаңа заманауи БАҚ ұйымын құруды ұсынамын», - деді Ә. Әлденей.

Министр, өз кезегінде, бұл ұсынысты толық қолдады.

«Шынында да, қазір мемлекеттік ақпараттық тапсырыс бойынша орындалатын жұмыстар контентімен алмасу қажеттілігі туындады. Бүгінгі форум қолдаса, бастауға болады», - деп мәлімдеді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада өңірлік БАҚ форумы өтуде, онда қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуының қазіргі жағдайы мен болашағы талқылануда.

strategy2050.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары