$ 445.66  474.58  4.78

Тәуелсіздік жылдарында машина құрастыру өндірісінің көлемі 17 есеге өсті

Орталық коммуникациялар қызметінде тәуелсіз еліміздің 25 жыл ішіндегі машина жасау саласын дамытуға арналған баспасөз конференциясы өтті.

Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ Басқармасының төрағасы Мейрам Пішембаев пен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау  қатысты.

Мейрам Пішембаев өз сөзінде бұл саланың тәуелсіздік жылдарында айтарлықтай өсім көрсеткенін тілгше тиек етті. «90-жалдары өңдеуші өнеркәсіпте машина жасау саласының үлесі шамамен 15 % құрады. 90-жылдардың соңына қарай аталмыш көрсеткіш 5%-ға дейін төмендеді. Алайда, елдің және Мемлекет басшысының белсенді қолдауының арқасында сала бір орында тұрып қалмады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері машина жасау өндірісінің көлемі 17 есеге өсті. Өндіріс 2013-2014 жылдары ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Бұл уақытта табыс жылына 950 млрд. теңгені құрады» - деді машина жасаушылар одағының басшысы.

90 жылдардың ортасындағы дағдарыста негізгі капиталға инвестиция 60 есе өсті. 2015 жылдың қорытындысы бойынша 56 млрд.теңгені құрады,-деп атап өтті Пішембаев.

Бүгінде, машина жасау саласының әлемдік көшбасшылары General Electric, General Motors, Toyota, Alstom, Talgo, LG қатысуымен Қазақстанда бұрын соңды елде шығарылмаған – локомотив, электромобиль, тікұшақ сияқты жаңа жоғары технологиялық өнімдер пайда болды.

Альберт Рау өз кезегінде ҚР ИИД мемлекеттік бағдарламасының машина жасау кешенінің дамуына тың серпін бергенін айтып өтті. «Индустрияландыру бағдарламасын іске асырудың алғашқы бесжылдығында машина жасау қарқынды дамып жатқан салаға айналды: Өндіріс көлемі 2010 жылы 376 млрд. теңге болса, 2014 жылы 905 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Яғни, 2,4 есе» - деді ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақстандық кәсіпорындар жоғары технологиялық өнім дайындау үшін өндірісте заманауи технологиялар мен  жабдықтарды пайдалануда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары