$ 480.55  533.75  5.36

Түркістанда тұрмысы төмен отбасыларға үй беріледі

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Түркістан қаласы, «Отырар» шағын ауданындағы 120 пәтер тұрмысы төмен отбасыларға пайдалануға беріледі. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласында жұмыс сапарымен болып, бірқатар туристік, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысты. Өңір басшысы жаңадан бой көтерген «Отырар» шағын ауданындағы тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысып, оның сапасы мен онда қолданылатын құрылыс материалдарының отандық өнімдер болуы керектігін назарға алды.

Аталған шағын аудандағы 5 қабатты екі тұрғын үй, яғни 120 пәтер үй кезегінде тұрған тұрмысы төмен отбасыларға пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бүгінде мұнда тағы 60 пәтерлі 8 тұрғын үй мен «Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы» арқылы 72 пәтерлік 2 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Жалпы Түркістан қаласында баспана кезегінде тұрған азаматтар саны 3 мыңнан асады. Осы сұранысты қанағаттандыру мақсатында аталған үйлер бой көтеріп жатқан аумаққа «Отырар» шағын ауданы деген атау беріліп, келешекте 100 үй салу жоспарлануда.

Сапар барысында жұмысшы топ Түркістан қаласының батыс бөлігінде орналасқан индустриалды аймақтың жұмысымен танысты. Онда әкім жиһаз шығаратын «Гранд Микс» кәсіпорнының жұмысын көріп, бағасы төмен, сапасы жоғары жиһаз шығарушы кәсіпкердің жұмысына оң бағасын берді. Және шығарылатын өнімді кеңінен насихаттап, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде өтетін кәсіпкерлік көрмелеріне қатыстыруды жүктеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары