$ 449.58  486.94  4.86

Шымкентте азық-түлік арзан бағада сатылып жатыр

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Шымкентте азық-түлік арзан баға да сатылып жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрақтандыру қорындағы азық-түліктер Шымкент қаласында сенбі және жексенбі күндері өтетін жәрмеңкеде, облыстың аудандары мен қалаларында сатылуда. Тұрғындарды әлеуметтік тауармен қамту және бағаны қолдан көтеру сынды жайттарды жою мақсатында құрылған тұрақтандыру қоры арнайы құрылған комиссияның шешімі бойынша тауарлардың арзан бағада беріліп жатқандығын хабарлайды. Атап айтқанда, картоп пен сәбіз 30-35 кг дейін 1 келісін 65 теңгеден, ал құмшекердің келісі – 220 теңге, күнбағыс майы 1 литрі – 350 теңге, 5 литрі - 1750 теңгеге саудаланып отыр.

Айта кетейік, Шымкентте сенбі күні жәрмеңке Мәделі Қожа көшесіндегі «Қажымұқан» стадионында ал, жексенбі күні Арғынбеков көшесі, «Рахима Плаза» ойын-сауық кешенінде өтеді. Сонымен қатар, сатып алуға өтінімдер беру үшін байланыс телефондары да жұмыс жасайды. Осылайша қыс пен көктем айларында сауда орындарында әлеуметтік бағада сатылатын өнімдердің қоры жасақталуда. Келісім негізінде жеткізілген көкөніс әлі іріктеліп, құрғатылады. Содан кейін арнайы камераларда сақталады.

Азық-түлік өнімдердің басым бөлігі теміржолмен тасымалданады. Ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру мақсатында жиналған өнімдер қаладағы белгіленген сауда орындарында әлеуметтік бағада сатылып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары