$ 444.32  473.33  4.76

Бүгін Астанада «Дарын» сыйлығының иегерлері марапатталады

Бүгін кешкі сағат 17.00-де Астанадағы Astana Music Hall ғимаратында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы иегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында екі жылда бір рет келесі номинациялар бойынша берiледi: ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық ән және қоғамдық қызмет.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері шпқырылды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары