$ 448.89  477.93  4.76

ОҚО-да әлеуметтік мәселелерді шешуге қаржы бөлінді

Ел тәуелсіздігінің 25 жыл мерейтойы қарсаңында ОҚО-да әлеуметтік мәселелерді шешуге қаржы бөлінді. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс өткен жетінші сессиясында облыс әкімі облыстық бюджетті нақтылау нәтижесінде, бюджет көлемі 12,6 млрд теңгеге ұлғайып, 472 млрд теңгеге жеткенін мәлім етті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 75 млрд теңгеге артық.

«Білім беру мекемелеріне жан басына шаққандағы қаржыландыруға, балабақшаларда 13500 орынға мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыруға және мұғалімдердің еңбек ақы шығындарына қосымша 7,3 млрд теңге бөлінуде. «Өрлеу» жобасы арқылы аз қамтылған еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтуға, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 538 млн теңгеге жуық қаржы қарастырылуда. Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерін мемлекеттік қолдауға жалпы 6,2 млрд теңге бағытталуда. 7 білім беру нысанның құрылысын жалғастыруға 725 млн теңге қарастырылуда», - деді ОҚО әкімі Жансейіт Қансейітұлы.

Аймақтың денсаулық сақтау саласын дамыту жайы да ұмыт қалған жоқ. Салаға қатысты 3 нысанның құрылысын аяқтауға және 1 нысанның құрылысын жалғастыруға 298 млн теңге бөлінетін болды. 21 тұрғын үйдің құрылысын жалғастыруға қосымша 950 млн теңге бөлінсе, сумен қамтамасыз ету үшін 3 нысанның құрылысына 1,3 млрд теңге және 2 кәріз нысанының құрылысына 781 млн теңге жұмсалмақ. Ал, газбен қамтамасыз ету үшін және 7 нысан салуға 598 млн теңге бөлінбек.

Сонымен бірге, аймақ басшысы электрмен, жылумен қамтамасыз ету жұмыстарына, кәсіпкерлік саласына да қаражат қаралып жатқанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары