$ 448.15  483.46  4.86

ОҚО-да жаңа балабақша ашылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында, Созақ ауданы, Қарағұр ауыл округіне қарасты Раң ата елдімекенінде су жаңа балабақша ашылды. Осы ауылдың төл перзенті М.Ибрагимов бұрынғы Б.Батырбекова атындағы мектептің ескі ғимаратын қалыпқа келтіріп, заманауи үлгідегі балабақшаны іске қосты.

Білім ұясының ашылу салтанатына аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Сатыбалды, Қарағұр ауылының әкімі О.Жамиев, аудандық мәслихат депутаты І.Омаров, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Төлбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Егеменді еліміздің жас толқындарына сәттілік тіледі. Балабақшаға келген бүлдіршіндер тақпақтарын айтты. Кәсіпкер М.Ибрайымов балабақша меңгерушісіне салтанатты түрде кілт табыс етті. Мұнан соң лента қию рәсімі болды. Ақ жаулықты аналар шашу шашты. Балабақша жайын аралап көрген ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдірді.

40 орындық жекеменшік балабақшада 12 ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда 70 отбасы тұратын Раң ата елді мекенінде мектепке дейінгі балалар балабақшамен толық қамтылған.

Айта кетейік, 21 қарашадан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында еліміздің басқа өңірлеріндегідей Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ - ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» атты 25 жұлдызды күн акциясы бастау алды.

15 желтоқсанға дейін жалғасатын осынау акция «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Мемлекеттік рәміздер», «Мемлекеттік шекара», «Мемлекеттік тіл», «Жаһандық бастамалар», «Азаматтық қоғам», «Бірегейлік және бірлік», «Ұлттық валюта», «Ядролық қарусыз әлем», «Ғылым мен жаңа технологиялар», «Қазақстан Республикасының Президенті институты», «Отбасылық құндылықтар», «Ұлт саулығы», «Спорт жетістіктері», «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы», «Мәдениет және руханият», «Нұрлы жол», «Нұрлы Болашақ», «Білім», «Әлеуметтік жаңғырту», «ЭКСПО «жасыл» технологиялары», «Индустрияландыру», «Қуатты Қазақстан – қуатты өңірлер», «Астана», «Мәңгілік Елдің» мәңгілік құндылықтары» сынды түрлі атаулармен Тәуелсіздік жетістіктерін баяндайтын 80-ге жуық тағылымы мол жиын, мерекелерімен жалғасын табады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары