10.11.2016, 17:14

«Жасыл өнімге –жасыл жол»

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ұйытқы болуымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай «Жасыл өнімге – Жасыл жол» атты акция бастау алған болатын. Осы шара аясында Оңтүстік Қазақстаннан ауылшаруашылығы өнімі тиелген керуен Солтүстікке жол тартты.

Сол арқылы теріскей өңірлерде жеміс-жидек, бау-бақша өнімдерінің бағасын тұрақтандыру, жергілікті шаруаларды қолдау, - дейді ұйымдастырушылар.

Оңтүстік Қазақстанның ауылшаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс қашанда жоғары. Күздің соңғы айында шаруалар жеміс-жидек, көкөніс, бақша өнімдерін республиканың түкпір –түкпіріне жөнелтіп жатыр. Қаз-қатар тізілген жүк көліктерін жол полициясы қызметкерлері бастап жүреді. Яғни, кәсіпкерлер үшін жолда еш кедергі болмайды.

РУСЛАН БЕКСЕЙІТОВ - ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 02/40

- Осы акция жылда дәстүрге айналса дейміз. Қазақстан халқының 40 пайызы ауылшаруашылығы саласында еңбек етеді. Сондықтан өнідірген өінімімізді уақытылы сата алсақ экономикалық, әлеуметтік жағынана да әруақытта тиімді. Отандық тасымалдаушылардың мүддесін қорғау міздің мақсат.

Іс-шараға Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт, Мақтарал аудандарының шаруалары қатысты. Бір күнде 300 тонна ауылшаруашылығы өнімін тиеген 24 көлік, Астана, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарына жол тартты. Шаруалар дән риза. Өнімдерін ірітпей, шірітпей дер кезінде сатып жатқанын айтып, қуанып отыр. «ЖАСЫЛ ӨНІМГЕ –ЖАСЫЛ ЖОЛ» акциясы арқылы тәуелсіктік жылдары жеткен жетістіктер паш етіледі.