$ 445.66  474.58  4.78

Кәсіп иелерінің табысы еселеніп, ынтасы артқан

Оңтүсік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының кәсіпкерлері табысты тірлігі арқылы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту жасап отыр. Бүгінде аудан аумағында 9 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік нысандары тіркелген. Онда биылдыққа 32 миллиард 929 миллион теңгенің өнімі өндірілді.

Шағын кәсіпкерлікті дамытып, Ел ырысын еселей түсуге Қажымұқан ауылы азаматтарының да қосқан үлесі аз емес. Мұнда өз шаруашылығын дөңгелетіп отырған кәсіп иелері жетерлік. Олар уақыт талабына тез бейімделіп, мемлекет көмегімен өз істерін ілгері бастырып келеді. «Биылғы жылдың өзінде мал бордақылау үшін 47 азамат өтініш білдіріп, соның 37-сі 3 миллион мен 6 миллионға дейін теңгелей қаражат алып, барлығы мал бордақылаумен айналысып жатыр. Олар өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр. Ауыл шаруашылығы дақылдарын егуде де озып отыр»,-дейді Қажымұқан ауыл округінің әкімі Саттархан Өтепбаев. Осы ауыл окрукте 3 мың 140 гектар суармалы жер бар. Мұнда ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық түрі егілген. Іс икемдеуде жеке шаруашылық иелерінің үлесі басым. Ал, ауыл тұрғындарының үштен бір бөлігі мал ұстап, өз нәпақасын ажыратады. Бұл қатарда жеке кәсіпкер Гүлмира бейімбетова да бар.

Гүлмира БЕЙІМБЕТОВА, кәсіпкер

-Екі мәрте кредит алдық ауыл шаруашылығынан.Бір жылы сиыр алдық, сүт өндіру үшін. Екінші жылы жылқы алып, мал бордақылап жатырмыз. Сарай соқтық. Мемлекет қамқорлығының арқасында дамып жатырмыз. Жеріміз бар. Бидай өзімізден шығады. Субсидия берілді - 700 мың теңге. Қазақстан дами берсін ары қарай. Біз сияқты кәсіпкерлер көбейе берсін. Қорықпау керек, несие алып, жұмыс істеу керек.

Өз кәсібінің көкжиегін кеңейту үшін іскер азамат мемлекет тарапынан бөлінген қаржыны тиімді пайдалана отырып, бұдан да мол табысқа қол жеткізбек. Осындай жігерлі кәсіпкерлердің жұмысын жандандыра түсу үшін ауданда «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 87 адамға 240 миллион теңге шағын несие берілді. Нәтижесінде 71 ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары