$ 447.4  477.55  4.76

ҚР Тұңғыш президенті залы ашылды

«Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» Жұлдызды 25 күн акциясы аясында Шымкенттегі Отырар ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев залы салтанатты түрде ашылды.

Тарих үшін аз ғана уақыт боп саналатын 25 жылда елдің жеткен жетістіктері үшін Елбасының еткен еңбегі ерек. Бұл залдың тап осы кәтапханадан ашылуы да кездейсоқтық емес. Әкімшілік-іскерлік  орталықтан бой көтерген зәулім ғимараттың ашылуына тікелей мемлекет басшысы ұйытқы болып  өзі қатысқан еді. Шараға біраз мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен кітапхана ұжымы қатысты.Бұл күні қос қуаныш орнады. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген  қайраткер, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Еркінбек Тұрысовтың жеке музей кабинеті ашылды. Бұл да бір жергілікті оқырмандарға қуаныш  сыйлаған жаңалық болды.Онда жазушының бес томдық тарихи-көркем шығармалары мен «Мәңгілік сарын», «Бәйдібек» атты тағлымға толы кітаптарының тұсаукесеріне орай жазушымен кездесу кеші болып өтті. Шараға қатысушылар бұл - тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келген маңызы зор оқиға болды деп отыр. Кеште Тұңғыш Президент туралы келелі ойлар айтылып, келер ұрпаққа ой салар көріністер қойылды. Тәуелсіздікті дәріптеу тәуелсіз ел азаматтарының басты парызы деген жазушылар қауымы, оқырмандар осы іспетті дүниелерге қанық болса деп тарқасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары