07.12.2016, 07:55

Бабалар аңсаған тәуелсіздік балалар көзімен

«Бабалар аңсаған Тәуелсіздік».  Осы тақырыпта сурет салған  жас қылқалам шеберлері Шымкенттегі Көркемсурет галереясында айрықша құрметке бөленді. Бүгінгі шара - Балалар көркемсурет мектебі ұйытқы болған байқаудың қорытынды кезеңі.

Бір айға созылған өнер сынында 107 оқушы бақ сынап, 200-ге тарта туындысын ұсынған. Олар туған елі мен атамекеннің бейбіт тіршілігін керемет суреттей білді,-дейді мамандар. Сайыс екі бағытта өрбіген. Оның бірінде 12 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдер бақ сынаса, екіншісіне 17 жастан асқандар қатысқан. Бұл күні осы туындылардың үздік 30-ы Көркемсурет галереясындағы көрмеге қойылды. Жас суретшілерге аға буын өкілдері арнайы дәріс өткізіп, қылқаламның сырын түсіндірді. Торқалы той қарсаңындғы елдің қуанышы мен бейбіт тіршілікті бейнелей білгендерге демеушілер тарапынан арнайы сыйлықтар табыс етіліп, шығармашылықтарының шыңдала түсуіне сенім білдірілді.

ТОЯШ ОРАЗОВА – ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

- Бұрын бұл тақырыпта плакаттар салынбаған деуге де болады. Балалар өз оцларымен ешкімнен көшірмеген басқа еш жерде жоқ жұмыстарды орындап, тамаша шығарма жасаған.  Бұл жұмыстарды енді бейбіт күннің баэлалары жасағандықтан олардың көзқарасы да ерекше. Біз қуанып отырмыз шын мәнінде балалардың дайындығы мен Отанына деген құрметінің жоғары екенін көріп.