$ 442.05  474.14  4.74

Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары

Ұлағатты отбасын қалыптастыру – тәуелсіз отанымыздың алтын діңгегі, берік іргетасы. Осы мақсатта «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» деген атаумен Мақтаралда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған танымдық-отбасылық сайыс болып өтті.

Тартысқа толы бәйгеге бірлігі жарасқан  бес отбасы қатысты. Елімізде жас отбасылардың арасында өтетін тәрбиелік маңызы зор мәдени танымдық бағдарлама. «Мұндағы мақсат – ата-аналармен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, білімді де жігерлі, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ тәрбиелеу» - дейді игі бастамашылар.

Төрт кезең бойынша отбасы мүшелері көңілді екендіктерін аңғартып, белсенділік танытты. Өнерлі отбасылар бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беріп, тапқырлық пен шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Әділқазы мүшелерінен жоғары баға алуды көздеген қатысушылар жеңіс тұғырына көтерілу үшін ұйымшылдық танытты. Шын мәнінде бала өмірінде әке мен ананың рөлі орасан зор. Үлгілі отбасы тәрбиелі ұрпақ тәрбелейді. Танымдық сайыс қорытындысы бойынша Ибадуллаевтар жанұясы жүзден жүйрік боп, қарсыластарынан басым түсті. Екінші орын – Салыбаевтар отбасының еншісінде. Ал, үшінші орынды Тәжібаевтар отбасы місе тұтты. Барлық жеңімпаздар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

ГҮЛМИРА ЕСТИМИРОВА – МАҚТАРАЛ АУДАНДЫҚ №124 МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ 

 Біздің ұлттық құндылықтарымыз елтаңба, рәміздеріміз ұлықталды. Бүгінгі іс-шараның тәрбиелік мәні өте зор. Оқушыларымыздың сахналық көріністері, ата-аналардың дайындығы, мұның түбінде үлкен еңбек жатыр. Жеңістеріңіз құтты болсын, құрметті ата-аналар!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары