Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігігің 25 жылдығы мерейтойына орай, Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы жиыны 25 судья Қазығұрт тауына шығып, Мәңгілік елдің көк туын желбіретті. Теңіз деңгейінен 1768 метр биіктікте жатқан асуға жас судьялармен бірге елуді еңсерген ел ағалары да көтерілді.
Заң қызметкерлерінің өкілдері қыстың көзі қырауда тау-тастың арасымен жүріп өтіп, қарды белауардан кешіп, алты шақырымға созылып жатқан асуды бағындырды. Әділдікті ту еткен судьялар «осылайша қазақ халқының тәуелсіздік жылдары жүріп өткен жолы мен бағындырған асуын көрсеткіміз келді», - дейді.
Судьяларды асуға дейін құтқарушылар мен альпенистер бастап барды. Олар таудың басындағы кеменің ізіне ұқсас ойықты көзбен көріп, Отан жайлы әсем ән шырқап, табиғаттың саф ауасымен тыныстап қайтты.
НҰРСЕРІК ШӘРІПОВ – ОҚО СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
- Еліміздің Тәуелсізігіне ерекше көңіл бөліп, шыққан биігін жасампаз Қазақстанның әлемге танылғанын, соның ішінде Елбасының ерекше еңбегін атап өтіп. Қатысушыларды, жалпы бұқара жұрттың Отанға деген сезімдерін арттыру. Табиғатқа ерекше көңіл бөліп, экотуризм мәселесіне, саламатты өмір салтын насихаттауға арнап отырмыз. Біздер, заң саласында еңбек еткендіктен, мемлекеттік бірлігі, оның тұтастылығы мен тәуелсіздіктің маңызы қашанда биік тұрады. Ел мүддесі жолында еңбек етуден аянып қалмақ емеспіз. Мерейлі датаға орай, туымыз қашанда биіктен көріне берсін деген ниетпен киелі Қазығұрттың шыңына ту етіп тігуді жөн көрдік.