«Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн акциясы аясында «Индустрияландыру» күні өтті. Осыған орай Кентау трансформатор зауытында жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Индустриалды Қазақстан» бағдарламасы аясында «Электродеталь» ЖШС-де пресстур ұйымдастырылды.
Аталмыш цех қаладағы индустриалды аймақта орналасқан. Онда 50-ге жуық адам жұмыс жасайды. Жуырда ғана ашылған цехтан трансформаторға қажет құрылғылар жасалынады. 1200 ден аса адамды жұмыспен қамтып отырған зауыт жуырда ғана 80 мегаватты трансформатор жасап шығарды. Зауыт басшылығы бұл жемісті еңбекті еліміздің егемендігінің 25 жылдығына жасаған тартуымыз деп бағалап отыр.
Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын деген кәсіпорынның алдағы жоспарлары жүйелі бағытталған. Кентау трансформтатор зауыты «Ұлы дала елі» бренді атанды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған конкурста 6 кәсіпорынның арасынан "Кентау трансформатор зауыты" АҚ үздік деп танылды.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Кентау трансформатор зауытының ұжымы үлкен қуанышқа кенелді. Зауыт басшылығы тарапынан әрбір қызметкерге 25 000 теңгеден сыйақы және бір қап ұннан берілді. Ал ұжымдағы көп балалы отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен 80 жанұяға екі қап ұннан үлестірілді.«Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн акциясы аясында «Индустрияландыру» күні өтті. Журналистер Кентау трансформатор зауытына қарасты "ЭлектроДеталь" ЖШС электротехникалық жабдықтың өндірісімен танысты.