09.12.2016, 04:26

Кәсіпкер таңғажайып туындысын тәуелсіздік тойына тарту етті!

Мақтарал  ауданы Бескетік елді мекенінің тұрғыны Көпжан Торпиев қазақтың қазынасы саналатын киіз үйді дайындаумен бес жылдан бері айналысып келеді. Ол таңғажайып туындыларын Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына тарту етті.

Ерекше қайталанбас үлгіде киіз үйлерді жасайтын  шебер, қазақтың  азат  туын  желбіреткен ұлттық рух- тап  осы киіз үймен бірге жасайды дейді.  Кәсіпкер Көпжан Торпиев ауыл ісмерлерінің тобын құрып  қайталанбас болмысы бар киіз үй жасаумен белсене айналысып келеді. Киелі шаңрақтың келісті келбетіне қарай тапсырыстар да Қазақстанның түкпір-түкпірінен түсе бастаған. Материалдық шығыны көп бұл кәсіптен Көбекең көл-көсір пайда таппасада бәрінен бұрын атакәсіптің алға басқанына қуанып отыр. Бір  ғажабы сәулеттік сәні келіскен ақ күмбезді ғимарат ерекше геометриялық есеппен асқан тапқырлықпен жасалынған туынды. Тіпті бұған мен деген шетелдік сәулетшілердің өзі жоғары баға берген.Ауыл ісмерлері киіз үйдің түпнұсқасын сақтай отырып, жоғары сапалы өнім шығаруды көздеп отыр.

КӨПЖАН ТОРПИЕВ - КӘСІПКЕР:

- Киіз үй қазақтың рухы ұлттық келбетіміз. Негізінін сән беретін ою.Біз кремет ою-өрнекпен өрнектейміз. Бұдан келіп жатқан мол табыс жоқ. Менің киіз үйім бір-біріне ұқсамайды. Жаңа өмірдің талабына сай дизайнды өзгертіп отырамын. Керемен келбет бергім келеді.