$ 498.34  519.72  4.85

Сарыағашта жаңа балабақша

Курортты аймақ саналатын Сарыағашта 320 орындық су жаңа бөбекжай балабақшасы ашылды.  Ел Тәуелсіздігінің торқалы тойы қарсаңында сыйға берілген нысан заман талабына сай салынған. Жұрт қуанышымен ортақтасқан аудан басшысы Қайрат Абдуалиев көпшілікті айтулы мерекемен құттықтады.

Сарыағаш - тоқыраудан аман-есен еңсе тіктеген ауданның бірі. Тәуелсіздік еңбекті жемісті етіп, халықтың әл-ауқатын арттырды. Соның арқасында бүгінгі таңда бұл атырабта 28 мемлекеттік, 162 жекеменшік балабақша мен 30 шағын орталық жұмыс істеп тұр. Балабақшамен қамту көрсеткіші 83,4 % жетті.

«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, «Балапан» бағдарламасы бойынша іске асқан игі шара бұл. Қолымызды қаққан ешкім жоқ. Еркіндік өзімізде. Елбасы айтқандай, бізге тек бірлік, ынтымақта жүріп нәтижелі жұмыс көрсету керек», - деді аудан әкімі Қ.Абдуалиев.

Айтып өтейік, нысанның құрылысы 2014 жылы басталып 2015 жылы тапсырылған. Ел қазынасынан жұмсалған қаржы 529 млн 988 мың теңге болды. Іші кең, құрал-жабдықтар толық, жатын орын, арнайы ойын залдары барлығы бүлдіршіндерге арналған жиһаздармен қамтылған балабақшаның салтанатты ашылуы Тәуелсіздік мерекесіне тұспа-тұс келіп, тұрғындарды үлкен қуанышқа бөлеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары