08.12.2016, 09:00

Мейірбандылық – жүректен, қайырымдылық – білектен

«Нағыз батырлар». Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, Шымкент еріктілер тобының ұйымдастырған шара осылай аталады.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың жүректеріне шырақ, көңілдеріне шуақ сыйлау әрбір азамттың борышы. Бүгінгі шараға 100 ден астам қам көңіл жандар қатысты.  Шыр етіп жерге түскен уақытынан өмірдің қасіретін көрген жандар аз емес. Себебі олар, өз тіршілігі үшін тағдыр тауқыметімен алысып өмір сүріп  келеді. Аққан жасты сүрте отырып, өмірден қажыған адамды өмірге бейімдеу кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Бүгінгі кеште олар  әншілердің әсем әніне, мың бұралған бишілердің биін көріп, ерекше қуанышқа бөленді.

Қайырымды  жандар Шымкент еріктілер тобында, 120 дан астам белсенді  жастар бар. Олардың мақсаты қоғамды мүмкіндігі шектеулі жандарға деген қамқорлыққа шақыру, шүкіршілікке баулып, қам көңіл жанға өзінің қоғамдағы маңызын ұғындырып, толыққанды мүшесі екендігін сезіндіру.

Осындай еріктілер тобы Қазақстанның бірнеше өңірлерінен ашылып, қазіргі таңда қарқынды түрде жұмыс атқарып келеді. Бүгінгі қоғамның әрбір адамы қарақан басын ала-алмай жүргенде жастарымыздың осындай игі іске білек сыбана кіріскені қуантарлық жайт.Олар Тәуелсіз елдің қайсар да қайырымды ұландары. Егемендікпен егіз жетілген жандар. Шара ұйымдастырушылары аталмыш бастаманы алдағы уақытта тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

ДАРХАН НОҒАЙБАЕВ – ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады. Тумысынан тағдыр тауқыметін  тартқан пенделерді үнемі назарда ұстау, шеттетпеу  дені сау адамның парызы. Көптің көшінен қалыспай өмір сүріп, өнерін ұштап, ғұмырға деген құштарлықтарын танытып жатқандарын көріп тәнті боласың.