03.12.2016, 08:26

Жарқын болашақ зерделі ұрпақ қолында

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында қарқын алған 25 жұлдызды күн шарасы білім күніне арналды. Осы мақсатта Шымкенттегі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де студент жастар бас қосты. Онда Қазақстанның білім саласындағы айтулы өзгерістер әңгіме өзгеніне айналды.

Биыл еліміз білім саласы реформалаудың жаңа жүйесіне көшті. Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілген болатын. Облыста кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мақсатында алты сала, атап айтқанда туризм, қызмет көрсету, тігін, тоқыма және тамақ өндірісі, трнаспорт, ауыл шаруашылығы құрылыс пен энергетика саласы бойынша 12 колледж базалық білім беру жүйесіне көшті. Техниканың тілін жетік меңгеру үшін үш тілділік мәселесі де ендіріліп отыр.

Студент жастар жиын барысында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылда жеткен жетістіктерін әңгімелеп, бұл өзгерістердің тың бастамаларға үйндейтіндігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін модернизациялау» жобасы аясында Дүниежүзілік банк есебінен 2015-2016 оқу жылында екі колледж 92 млн. теңге көлеміндегі грантты иеленіп отыр. Осы гранттар негізінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы 60 оқытушы Германия, Франция, Швейцария Ресей елдерінде біліктіліктерін арттыру курстарынан өткен. Солардың бір парасы жиынға арнайы шақыртылды. Басқосу соңы студент жастардың ұйымдастыруымен мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.