08.12.2016, 13:12

«Елім үшін менің еңбегім» жастар онлайн флешмобы өтті

Шымкентте «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі». 25 ЖҰЛДЫЗДЫ КҮН АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА Оңтүстік жастарының басын қосқан онлайн флешмоб ұйымдастырылды. Олар өз жетістіктерін «Ел үшін менің еңбегім» хештегімен белгілеп, әлеуметтік желіде жария етті.

Айта кетейік, күнгейдегі жастар саны 800 мыңды құрайды. Ал өңірде 138 мың студент 12 жоғары 91 орта арнаулы оқу орындарында білім алуда.

«Жастардың жеткен жетістігі мен шыққан шыңы еліміздің егемегендігімен тікелей байланысты», - дейді акцияға қатысушы Айгүл Әлішер. Оның айтуынша, флешмобтың мақсаты, жастарға ой салу. Жалпы жастар қазіргі қоғамда елі үшін қандай еңбек етті, олардың алдағы уақыттағы мақсаттары қандай болуы керек сияқты ой тастау болып табылады.

Онлайн флешмобта қатысушы әрбір жас өз саласындағы жеткен жетістіктерімен бөлісіп, сол биік мақсаттарға қалай жетті, ел дамуына қаншалықты үлес қосып жатырмын деген сұрақтарға жауап берді. Әрі қарай не істеуім керек деген сұрақтарға арнайы пост жазып, суретке түсіп оны әлеуметтік желіде жариялады.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жаңа сипаттағы мұндай шаралар еліміздің барлық аймақтарында өткізілуде. Жастар жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынын жақсы түсінеді. Сайып келгенде барлық игі бастамалар ел азаматтарын бірлік пен ынтымаққа үндеп, бейбіт өмірдің бастамшысы болуына жағдай жасау.