«Болашақ» бағдарламасы – еліміздегі білім жүйесінің локомотиві. Осыған орай Шымкентте «Болашақ» бағдарламасының түлектері оқушылармен кездесті. Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен шара бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылдығына арналды.
Шетелде білім алудың қыр-сырымен бөліскен түлектер жастардың көкейде жүрген сауалдарына да жауап берді. Білім ұясының шәкірттерін әсіресе шет мемлекетте оқып қана қоймай, сонда жұмыс жасау жағы қатты қызықтырды. Айта кетейік Оңтүстік Қазақстан облысында оннан аса «Болашақ» стипендия иегерлері еңбек етуде.
«Болашақ» түлектері Қазақстанның ең қиын заманында капиталына құйған үлкен инвестициясы. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаеав ұдайы айтып отырады.
Қазіргі таңда «Болашақ» түлектері елімізде басқарудың алғы шебінде тұр. «Жас ғалымдар, педагогтар мен менеджерлердің креативтік ядросы қалыптасып жатыр. «Болашақ» білім жүйесінің локомотивіне айналды. Бір жағынан экономикалық-әлеуметтік кеңістікте әлемдік технология трансфертінің магистралі қалыптасты, екінші жағынан біздің «болашақтықтар» арқылы әлем Қазақстан туралы, оның халқы, салт-дәстүрі, әлеует мүмкіндіктері жайында көбірек біле түсті. Бұл тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастыру бағытындағы Елбасы жоспарының аса маңызды бөлігі болды.
Ал, 2010 жылы елімізде әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орны ашылып, оған менің тегімді беру сұралды. Сол «Назарбаев Университеті» аталатын осынау білім ордасы ендігі күні Қазақстанға әлемдік үздік білімді экспорттаушы нысанға айналып отыр.