08.12.2016, 14:22

«Менің елім – Мәңгілік ел»

«Менің елім – Мәңгілік Ел». Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық жастар акциясы Шымкентте жалғасын тапты. Қазақстан халқы ассамблеясының ұйытқы болуымен өткен шараға бес мыңнан аса адам қатысты. Мақсат – «Мәңгілік ел» жалпұлттық патриоттық идеясын жастардың бойына сіңіру.

Айта кетейік, Оңтүстікте 100-ден астам этнос өкілдері мекен етеді. Ауызбіршілігі жарасқан ұлт пен ұлыстың бір шаңырақ астында тату-тәтті тұруы әуелі тәуелсіздіктің арқасы.

«Мәңгілік ел» жалпұлттық патриоттық идеясы құндылықтарын ұғындырған акцияда елге сүбелі үлес қосқан жастардың жасампаз еңбегі де тілге тиек етілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев егемендіктің туын көтеріп, қазығын қағып біздерді осы бүгінгі еркін күнге тамаша заманға алып келді.

Айта кетейік, бұл жай ғана тойлау емес, егемендігіміздің 25 жылдығын қортындылау. Ол өткен 25 жылдығымызға баға беру. Мәңгілік елдің кілті – бейбітшілік пен этносаралық келісімде. 

Мерекелік шарада «Мәңгілік ел жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» атты кітабы салтанатты түрде Жамбыл облысының белсенді жастарына табысталды. Бұл кітапта Тәуелсіздік жылдары жастардың қол жеткізген жетістіктері, өскелең ұрпаққа өңірлерде жасалған қамқорлықтар мен олардың Елбасына  қолдау білдіретін үндеулері жазылған.

МАҒЖАН ИСАХОВ - М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ   

-Біздің жастардың әлі жететін белестері алда. Себебі, жастарға Мемлекет басшысы барлық жағдайды жасауда. Азулы деген шетелдік Жоғары оқу орындарында тегін білім алуда. Осы жағдайды бәріміз көре отырып, біз еліміз үшін барымызды саламыз деп айта аламын.