08.12.2016, 02:31

Елбасы бастамалары көрмеге ұсынылды

Шымкентте ел тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Преизденті - Елбасының жаһандық бастамалары» атты көрме өтуде. Онда Ұлт көшбасшысының Қазақстанмен бірге жеткен жетістіктері баяндалады.

Елбасының бастамалары қашанда әлемдік деңгейде мойындалып, халықаралық беделге ие. Мәселен, Қазақстан әлемге  жаппай қырып жоятын қару жарақтан бас тартқан ел ретінде танылып қана қоймай Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етті.

Көрмеде Елбасының Оңтүстік Қазақстан облысына келген сапарлары кезінде халықпен дидарласқанын,өндіріс орындарын аралап әлеуметтік нысандардың ашылу сәттеріне қатысқан кездерінде сәтті түсірілген суреттерді  көруге болады. Әсіресе музейге келушілерді Мемлекет басшысының  жеке заттары, сыйға тартқан шапаны, өз қолымен жазылған алғыс хаты ерекше әсер қалдырды.

МАРАТ ТӘЖІБАЕВ – ШЫМКЕНТ  ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі тәуелсіздікті сақтап қалу қиын,баянды ету қиын.Сол тұрғыда Елбасымыздың атқарып жатқан салихалы еңбегін,жемістерін көріп отырмын.Өте керемет дүние.Бұл кейінгі жас ұрпаққа үлгі өнеге болады.Біз жастар Елбасымыздың салихалы саясатын,стратегиясын,жолдауыларын қолдаймыз.

Айта кетейік, еліміз осымен бірнеше жыл қатарынан 1 желтоқсанда ҚР Тұңғыш Президентінің күні атап өтілуде. Айтулы күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектері ұлықталып, еліміздің жеткен жетістіктері насихатталады.