13.12.2016, 14:37

Ұлт мұрасын сақтау – ұлағатты іс

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «25 жұлдызды күн» аясында Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің мәжіліс залында Оңтүстік Қазақстан облысы архив саласының 90 жылдығына арналған мерекелік іс-шара болып өтті.

Еліміздің мерейлі мерекесіне арналған жиынға архив саласының ардагерлері және облыс, қала, аудан архивтерінің басшылары мен қызметкерлері қатысып, тоқсан жылдық торқалы тойды салтанатты жағдайда атап өтті.

Мерекелік жиынға қатысушылар әрбір кезеңнің тарих беттерін парақтап, өткен күн жетістіктерін көз алдынан өткізді.

Әрбір елдің қоғамдық-саяси, экономикалық рухани өмірі, болмыс-тіршілігі құжаттардан көрініс табады. Ол уақыт өте келе ел тарихына айналады.Я ғни құжатсыз тарих жоқ. Тарихсыз мемлекет болмайтыны мәлім. Меркелік жиынға қатысушылар осы тұрғыдағы ой-пікірлерін ортаға салып, мұрағат қызметінің маңыздылығына тоқталды. Тарих шежіресінен сыр шертетін маңызы зор мұрағат бүгін де ертең де өмір дерегімен толыға береді.

Архив ісі мәңгілік елдің мәңгілік тарихы. Өйткені мұрағат ақиқаттан құралады. Салтанатты жиын соңында еселі еңбегімен көзге түскен азаматтардың кеудесіне мерекелік төс белгілер тағылып, облыс әкімінің  «Алғыс  хаты» табыс етілді.

АЙПАРША АМАНГЕДИЕВА ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Облысымызда 19 мемлекеттік архивтер жұмыс істейді.Олар еліміздің өрлеуіне өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді.Біздің 90 жылда жеткен жетістіктеріміз орасан.Облыстық мемлекеттік мұрағатымыз шет елдің мұрағаттарынан көптеген біздің облыстың тарихына қатысты көптеген құжаттарды тасымаладап әкеліп жатыр. Қала тұрғындарына қатысты барлық құжаттарды көзіміздің қарашығындай сақтп отырмыз.