$ 446.49  475.38  4.79

ОҚО-да 500 оқушы «I Love Astana» жазуын бейнеледі

Ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Шымкенттегі «Назарбаев» зияткерлік мектебінің 500 оқушысы флешмоб  ұйымдастырды. Астана көшесінің маңына жиналған шәкірттер бір мезетте «I Love Astana» жазуын бейнелеп, Елордаға деген сүйіспеншілігін паш етті.

Айта кетейік, дарынды жастар бұған дейін де қайырымдылық шарасын өткізіп, өз қолдарымен жасаған бұйымдар мен тәттілерін саудалаған болатын. Түскен қаржыға ауылды жерде тұратын көмекке мұқтаж 5 балаға «ЭКСПО» көрмесін тамашалау үшін жолдама сатып алып берген. 

Мектеп басшылығы жастардың қоғамдық белсенділігін бұдан әрі арттырып, еліміздің нағыз патриоты етіп тәрбиелеуге күш саламыз деп отыр. 

Айта кету керек, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облысында 25 жұлдызды күн акциясы өтіп, бүгін мәресіне жетті. Жоба 21 қараша күні бастау алған. Оның аясында 25 күн қатарынан түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар ашылып, рухани кештер өтті. Атап айтқанда, облыс көлемінде ондаған балабақша пайдалануға беріліп, бірнеше ауданда ақындар айтысы мен мүшайралар өтті. Сонымен қатар, патриоттық әндердің байқауында оқушылар сайысса, Назарбаев зияткерлік мектебінің жас дарындары өздері жасаған роботтарын көрмеге шығарды. Республикаға танымал оңтүстікқазақстандық суретшілер мен мүсіншілер де шетте қалмай, өздерінің қолдарынан шыққан туындыларын облыс тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары