$ 444.32  473.33  4.76

«TRT AVAZ» халықаралық телеарнасы Оңтүстіктің дамуы туралы фильм түсірді

Таяуда Оңтүстік Қазақстан облысына Түркия Республикасының «TRT AVAZ» халықаралық телеарнасының түсіру тобы арнайы жұмыс сапарымен келіп, өңірімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, жалпы аймақтың даму көрсеткіштері мен Түркістан туралы фильм түсірді.

Оңтүстік Қазақстан облысы туралы арнайы бағдарлама әзірлеп жүрген шығармашылық топ өңіріміздің тәуелсіздіктің 25 жылдығында жеткен жетістіктерін, атап айтқанда экономикалық даму, индустрия және туризм салалары бойынша үш бағыттағы жұмыстарының жайын жер-жаһанға көрсетпек.

Өңірімізге жасаған сапарында «TRT AVAZ» телеарнасының шығармашылық ұжымы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтан сұхбат алды. Онда әкім өлкемізді дамытудағы болашақ жоспарларымен бөлісіп, 300 миллион көрермені бар телеарна арқылы түркі бауырлас елдерді Қазақстанның оның ішінде қонақжай Оңтүстіктің туристтік мекендерін тамашалауға шақырды.

«TRT AVAZ» халықаралық телевизиясы Түркия Республикасының 7 тілде, соның бірі қазақ тілінде хабар тарататын ең ірі телеарнасы болып табылады. Еуропа мен Орта Азия аумағына тарайтын, яғни олар бауырлас мемлекеттер - Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан сынды сегіз елге хабар таратады. Онда аталған республикалардың ұлттық дәстүрлері мен өнері, деректі фильмдері мен музыкалық бағдарламалары көрермен назарына ұсынылады. 

Халықаралық түрік телеарнасымен Қазақстан тарапы 2012 жылдан бері тығыз жұмыс істеп келеді. Аталған телеарнадағы жаңалықтар циклының үздіксіз жүруіне еліміздегі «Қазақстан» ұлттық арнасының ұжымы ұдайы көмектесіп келеді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары