$ 445.66  474.58  4.78

ОҚО-да Тұңғыш Президент күні мерекесі салтанатты түрде атап өтілді

«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекелік шарасын оңтүстікқазақстандықтар салтанатты түрде атап өтті.

«Түркістан» сарайындағы «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекелік жиынына қатысып, сөз бастаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша облыс тұрғындарын қатар келген қос мерекемен - ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен және Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, мемлекеттік мерекенің еліміз үшін маңызы тереңдігіне тоқталды.

 «Қазақстанның әлемде өзіндік орны бар ел болып орнығуына, қарқынды дамуына еліміздің сыртқы және ішкі саясатындағы жетістіктеріне Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген еңбегі зор. Мемлекеттің сыртқы саяси бағытын дәл айқындап, шетелдермен достық қарым-қатынас орната білді. Елбасының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз ешбір саяси және әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға ұшыраған жоқ. Дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі сынақтарды сәтті еңсерді. Дағдарыстар кезінде де тоқтап қалмады. Алға қарай ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты», - деді Ж.Түймебаев.

Мұнан соң, аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан 15 сала үздігін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Іс-шарада опера және балет театрының әншілері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған «Елбасы» туралы әнді орындады.

Сонымен қатар, мерекелік думан Қазақстан Республикасы Президентінің өмірі мен қызметіне арналған «Елбасы жолы» киноэпопеясының жалғасы болып табылатын «Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмімен жалғасын тапты.

Жаңа фильм Н.Назарбаевтың өміріндегі аса қызықты кезеңді - Елбасының 1984 жылғы Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалып, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланғанға дейінгі уақытты және одан кейінгі алғашқы кезеңді қамтиды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары