$ 449.58  486.94  4.86

«Қазақстан Халық Банкінің» Шымкентте жаңа ғимараты ашылды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Қазақстан Халық Банкі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павлов пен басқарма төрағасы Үміт Шаяхметовамен кездесті.

Тараптар, өзара әңгімеде Оңтүстіктің әрбір үшінші тұрғыны аталған банктің клиенті екенін алға тартып, оның елдің экономикасы мен халықтың әл-ауқатын көтерудегі үлесіне тоқталды.

«Қазақстан Халық Банкінің» елге қызмет көрсету жөнінен көшбасшы банктердің бірі екеніне тоқталған өңір басшысы бүгінгі ашылатын жаңа ғимараттың заман талабына сай қызмет ететініне сенім білдірді. Өз кезегінде, мәртебелі меймандар да аймақ басшысына алғысын білдіріп, екіжақты бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Мұнан соң, олар Шымкент қаласындағы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның жаңадан ашылған Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының жаңа ғимаратын пайдалануға беру шарасына қатысты.

«Қазақстан Халық Банкінің» бүгінгі ашылған жаңа ғимараты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына жасалған әдемі сый деп есептеймін. Бүгінде халқымызға 40-тан астам филиалдары арқылы қызмет етіп жатқан банк ұжымы әрбір тұтынушыға лайықты қызмет көрсетеді деп ойлаймын. Қаржылық институттардың ішінде абыройлы көш бастап тұрған «Халық Банкіндегі» қызмет көрсету түрлерінің көбейіп, сапасы артарына кәміл сенімдімін», - деді құттықтау сөзінде Ж.Түймебаев.

Қазіргі таңда Банктің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалдарында 700-ге жуық мамандар еңбектенуде. Қызметкерлердің еңбек жағдайларын барынша жақсарту үшін және аймақтағы бизнестің даму сұраныстарына сай келуі үшін банктің топ-менеджменті филиалдың жаңа офиске көшуі туралы шешім қабылдады. Соңғы 12 жылда 8 аймақтық филиалдарында, атап айтқанда, Ақтөбе, Қарағанды, Астана, Қостанай, Семей, Павлодар, Өскемен және Шымкент қалаларында жаңа ғимараттардың құрылысы жүргізілді.

Халық банкінің филиалы Оңтүстік Қазақстан облысында бизнестің көп бағыттары бойынша көшбасшылардың қатарында. Филиалдың депозит портфелі 23,8 млрд. теңгеге жуық, аймақ бойынша комбанктер арасында депозиттік портфель бөлігі - 8,5%. Аймақтық бөлімшелердің ссудалық портфелі- 45,6 млрд теңге, филиал несие портфелі бөлігі бойынша көшбасшы қатарларында - 23,13%. Қазақстан Халық Банкі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2300 компанияға жуық жалақы жобалары бойынша қызмет көрсетеді. Төлем карталарының айналыс саны - 444 136. Халық банкі 40 өкілдіктерден тұратын кең ауқымды желісі Оңтүстік Қазақстан облысының шалғай аудандарындағы клиенттерге банктік қызметтердің қөлжетімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, банк дистанциондық сату каналдарын қарқынды дамытуда - облыста 176 банкомат, 32 банктік киосктер және 42 төлем терминалдары орнатылған. Халық банкі аймақтағы қазақстандық азық-түлік, құрылыс материалдар өндірушілердің, тоқыма өнеркәсіптерін қарқынды несиелендіруде. Филиалдың ШОБ бөлімінің жалпы портфель көлемі- 15 млрд. теңге, соның ішінде 5 млрд. теңге ШОБ қолдау үшін мемлекеттік бағдарламар бойынша.

2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Қазақстан Халық Банкі» қазақстандық коммерциялық банктер арасында кірісі мол банк болып табылды. Банктің Қаржылық институты Fitch Ratings-дан BB; Standard&Poor`s-дан BB және Moody's Investors Service-тен Ва2 халықаралық рейтингтік агенттіктерден берілген, қазақстандық Екінші деңгейлі банктер арасындағы рейтингі ең жоғарылардың бірі болып табылады.

2016 жылдың шілде айында «Euromoney» халықаралық басылымында Халық банкі үздік қаржылық институты деп танылды. Ал осы жылдың қыркүйек айында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қайырымдылардың рейтингіне еніп, қазақстандық коммерциялық банктерінің арасында 1-ші орынды иеленді. Сонымен қатар, Vlast интернет-журналының нұсқасы бойынша «Елдің 25 ірі қайырымдылық жасаушылары» рейтингіне кірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары