$ 474.83  515.38  5.5

ОҚО-да этнос өкілдері ағаш көшеттерін отырғызды

Бүгін Шымкент қаласындағы «Қазына» этно-тарихи кешені аумағында өңірдегі түрлі этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері ағаш көшеттерін отырғызды.

Этнос өкілдері бұл бастаманы облыс әкімі, ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Жансейіт Түймебаевтың ұлысымыздың ұйытқысы Оңтүстікті жасыл желекке айналдыру туралы байыпты бастамасына қолдау білдіру деп айтады.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған игі шараға облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов, ОҚО ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Рахманбердиев қатысты.

Шараға атсалысқан ассамблея мүшелері көшет отырғызған аймақты «Достық аллеясы» деп атау жөнінде ұсыныс білдірді.

Этностарды қоғамдық бастамаларға ұйыстыру, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту, патриотизмді дамыту, халқымыздың рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз етуді мақсат еткен игі шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысында барлығы 100-ден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Бір шаңырақ астында бір атаның балаларындай өмір сүріп келе жатқан отырған этностардың сан жағынан ең көбі өзбектер. Мұнан кейін орыс пен тәжік ұлтының өкілдері ОҚО-да көптеп кездеседі. Былтыр ҚХА-ның 20 жылдығы аясында осы ұлттар мен ұлыстар облыс аумағында жүздеген іс-шара өткізген болатын. Шаралардың көбі қайырымдылық негізде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары