$ 439.43  473.31  4.82

Отырар ауданында өнеркәсіп кәсіпорындарымен 11 млрд 522 млн. 700 мың теңгенің өнімі өндірілген

Бүгін  «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі өтті. Жиынға облыс әкімі, ОҚО «Нұр Отан» партиясының  төрағасы Ж.Түймебаев пен кеңес бюросының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары және партия филиалының қызметкерлері қатысты.

Бюроға қатысушылардың алдында соңғы 10 айға есеп берген Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов ауданның жетістіктерін тізбектеп берді. Ол сондай-ақ, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өтетін іс-шаралар туралы баяндап, дайындығын тағы бір пысықтады.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерін баяндаған Ерлан Қуанышұлы 10 айда  өнеркәсіп кәсіпорындарымен 11 млрд 522 млн. 700 мың теңгенің өнімі өндірілгенін атап өтті.

«Өңіріміздің аграрлы аймақ екенін ескерсек, ауыл шаруашылығының дамуына ерекше назар аударылуда. Егіс көлемін ұлғайту, жаңадан қосылған жерлерді игеру, заманауи технологияларды кеңінен енгізу жылыжай, мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, осы жылдың есепті кезеңінің қорытындысымен ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 11 млрд 539 млн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  3 млрд 179 млн теңгеге өскен.  Ал игерілген суармалы жердің көлемі 24 мың 338 гектарға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 2 мың 700 гектарға артқан. Бүгінгі таңға дәндік жүгеріден 27 677,5 тонна, көкөністен 9 610,5 тонна, бақшадан 110 428 тонна, картоптан 2009,2 тонна өнім жиналды»,-деп айтты аудан әкімі.

Баяндаманы тыңдаған облыс әкімі аудандағы жеткен жетістіктерді ғана емес ондағы проблемаларды да көтеріп,оны шешу жөнінде ұсыныстарды да қоса ұсыну қажеттігін ескертті. Мәселен, ауданда 17 мың га жер игерілмеген. Елді мекендерді газдандыру және суармалы жерлердің көлемі төмен екенін атап өтті. Сонымен қатар, қоғамдық орындарындағы қылмыс 90 пайызға өскеніне тоқталған аймақ басшысы жергілікті полиция қызметінің жұмысын жүйелеуді тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары