29.11.2016, 14:58

Бес жүзге тарта жәдiгер облыстағы этнос өкiлдерiнiң мәдениетiнен сыр шертедi

«Ұлы дала елi – Тәуелсiздiктiң 25 негiзi» жұлдызды акциясы аясында облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Қазақстан халқы Ассамблеясы залында фотоэкспозиция ұйымдастырылды.

«Үлкен ел – Үлкен отбасы» жобасының мәнiн ашып көрсетуге арналған iс-шараға ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерi, өңiрiмiздегi этномәдени бiрлестiктердiң төрағалары мен жастар қанатының белсендiлерi қатысты.  Келушiлер облыстық тарихи-өлкетану музейiндегi өңiрiмiздегi этностардың тарихынан, салт-дәстүрi мен мәдениетiнен сыр шертетiн 500-ге тарта жәдiгер қойылған «Қазақстан халқы Ассамблеясы» залымен танысты. Сонымен қатар, iс-шара қонақтары облыстық әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығының «Достық» залын аралап, «Тәуелсiздiк жылдарындағы облыстық этномәдени бiрлестiктердiң жетiстiктерi» көрмесiн тамашалады.

Айта кетейiк, облыстық тарихи-өлкетану музейiнiң «Қазақстан халқы Ассамблеясы» залы 2015 жылдың наурыз айында ашылған. Музейге өңiрiмiзде мекен ететiн түрлi этностардың киiмдерi, музыкалық аспаптары, әшекей бұйымдары, тұрмыстық бұйымдары, құжаттар, фотосуреттер, марапат құжаттары мен буклеттер қойылған. Ал, облыстық әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығының «Достық залы» 2014 жылы желтоқсан айында ашылып, онда облысымыздағы 20 этномәдени бiрлестiктiң экспонаттары қойылған. Сондай-ақ, этностардың ұлттық киiмдерi, бұйымдары мен кiтаптары, салт-дәстүрлерiнен сыр шертетiн бейнематериалдар қоры жинақталған.

Айта кетейік, «25 жұлдызды күн» акциясы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде ондаған іс-шара өтіп үлгерді. Олардың қатарында әдеби және рухани кештер, мерекелік концерттер, спорттық жарыстар және қолөнер шеберлерінің, суретшілердің көрмелері бар. Аталған акцияның өзі 15 желтоқсанға дейін жалғасатын болады.

«Оңтүстік Қазақстан»