$ 447.4  477.55  4.76

Ордабасыда көңілді тапқырлар сайысы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ордабасылық жас ұстаздар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Тәуелсіздік - тірегім" тақырыбында көңілді тапқырлар сайысын өткізді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ел егемендігін ұлықтай отырып, әдемі әзілмен көрермен жүрегіне жол таба білген ұстаздар күнделікті кездесетін мәселелерді күлкімен әрлей білді. 

Аудан әкімі А.Мамытбеков жайдарманшыларға сәттілік тілеп, көпшілікті мерекемен құттықтады. Ауданымыздың 25 жылда жеткен жетістіктеріне тоқталып, ұстаздардың еңбегіне жеміс тіледі.

Өткір әзілмен өткенді дәріптеген тартысты сайыстың нәтижесінде қажымұқандық "ОҚҚ" командасы - І, бадамдық "Серпін" тобы - ІІ, шұбарсулық "Айқай - 25" ІІІ орынды иеленді.

"Қараспан- KZ" пен "Төрткүл тарландары" топтары белсенділігі үшін аудан әкімінің мадақтамасымен марапатталды.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облысында мереклік шаралар тізбегі жалғасын тауып жатыр. Бұл шаралардың өтуінде жастардың алар орны ерекше. Мәселен, бүгінге дейін осы мектеп оқушылары мен колледж, университет студенттерінің атсалысуы нәтижесінде түрлі ғылыми және көркемөнер көрмелері өтіп, жастар арасында семинарлар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, флешмоб билеп, туған жерге деген сүйіспеншілігін өнер арқылы білдіріп жатқан оңтүстікқазақстандық жастар да жетерлік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары