$ 445.66  474.58  4.78

Сайрамда әлеуметтік сауда орталығы ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданында ретсіз сауда орындарын жою мақсатында аудан орталығынан әлеуметтік сауда орталығы ашылды. Көшелердің тазалығы мен көріктендіруді және ретсіз сауда орындарын жоюды мақсат еткен Сайрам ауданының әкімдігі бұл жұмыстар оң нәтижесін береді деп сенеді.

Айтулы шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жүзеге асып отырғанын айта кету керек.

Осыған орай аудандық әкімдік өкілдері Ақсу ауылының орталығы Абылай хан, Жібек жолы көшелері бойындағы ретсіз сауда орындары бойынша аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе мониторинг жасады. Тәртіп бұзғандарға ескерту парақшалары мен буклеттер таратылды. Жұмысшы топ ретсіз сауда жасаушылардың уәждеріне байланысты заңды жерде сауда жасау үшін тиісті жұмыстар жүргізді.

Соның нәтижесінде жеке кәсіпкердің есебінен әлеуметтік базар салынып, пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда әкімнің басшылығымен аудан орталығындағы ретсіз саудамен айналысатын тұрғындар аталған сауда орталығына көшірілді.

Аудан әкімінің бастамасымен тұрғындар және мекеме ұйымдары бірлесіп, тұрақты түрде жалпы аудандық сенбіліктер өткізілуде. Сенбілікте көше бойлары мен жеке тұрғын үй маңайы және ғимарат алаңдары, ашық дала тазалануда. Сонымен қатар ауыл округтерінде әр сенбілік сайын ағаш егілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары