$ 443.85  474.3  4.8

Шымкенттің оқушылары ядролық қарусыз әлемді қолдайды

Шымкенттегі мектеп оқушылары ядролық қарусыз әлемді қолдайды! Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 29 қараша «Ядролық қарусыз әлем» күні ретінде атап өтілді.

Осыған орай Шымкенттегі барлық мектепте өтті. Оның барысында 167 мыңға жуық мектеп оқушылары ядролық қарудың зардаптары мен нәтижелері тақырыптарында ашық сабақтар мен көрмеге қатысты. Жастар деректі фильмдер мен бейнероликтерді тамашалады.

Ал қонақтар оқушылар жасаған «Ядролық қару — 20 ғасырдағы ең ауыр қасірет» тақырыбындағы сурет көрмесін тамашалады. Мерекелік іс-шара оқушылар арасындағы концерттік бағдарламамен, акцияға белсенді қатысқан оқушыларды алғыс хаттармен марапаттаупен жалғасты.

Айта кетейік, биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өтуде Оңтүстік Қазақстан облысында жастар үлкен белсенділік танытуда. Әсіресе, мектеп оқушылары мерейлі мерекенің жоғары деңгейде өтуі үшін аянып қалып жатқан жоқ. Жай ғана тәрбие сағаттарын айтпағанда мектеп оқушылары түрлі флешмобтар, ғылыми сайыстар, суретшілер көрмесін және өзге де іс-шараларды ұйымдастырып келеді.

Жалпы, биыл Оңтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздік мерекесі жоғары деңгейде өтіп жатыр. 21 қарашадан бастап өңірде «2 жұлдызды күн» акциясы бастау алған. 15 желтоқсанған дейін жалғасатын осынау акцияның аясында жүзден астам іс-шара өтеді деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары