21.12.2016, 17:10

25-26 желтоқсан күндері Шымкентте ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Биылғы желтоқсан айының 25-26 жұлдызында Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облыстық тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Айтулы шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып отыр. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жаңа жыл қарсаңындағы жәрмеңкеге 30-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатысып, жалпы құны 96,3 млн теңгені құрайтын 167 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады деп жоспарланып отыр.

Оның ішінде: — Ет және ет өнімдері — 62 тонна; — Көкөніс — 57,5 тонна; — Картоп — 15,5 тонна; — Сүт өнімдері — 5 тонна; — Шұбат — 1 тонна; — Жұмыртқа — 10 мың дана; — Басқа да өнімдер — 15 тонна; — Балық — 2 тонна, — Кептірілген жеміс — 4 тонна.

Бұл тауарлар нарықтағы бағадан 15-20% дейін арзан сатылды деп уәде береді ұйымдастырушылар.

Жәрмеңкенің өтетін орындары:

1) Қажымұқан стадионы;

2) «1000 ұсақ-түйек» базары;

3) «Әсел» базарының алдында.

Айта кетейік, дәл осындай жәрмеңкелер Оңтүстік Қазақстан облысында жыл бойына өткізіліп келді. Көктем шыға басталатын осынау акция Жаңа жыл мерекесіне дейін жалғасады. Басты мақсат – жергілікті тұрғындарды арзан әрі сапалы отандық ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші жергілікті шаруаларды қолдау болып табылады.