$ 447.4  477.55  4.76

«Тәуелсіз елім – ұлы өлкем»

Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма бес жылы ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Ғасырлар бойы бабалар армандаған тәуелсіздіктің туы көкте желбіреп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгелденіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды.

Осы ширек ғасырдағы жетістіктерімізді дәріптеу мақсатында бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн акциясы аясында ОҚО Арыс қаласының №17 Кәсіптік колледж студенттерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елім – ұлы өлкем» тақырыбында салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Шараның мақсаты – болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу болып табылады.

Аталған салтанатты кеште колледж студенттерінің қолдарынан шыққан тұрмысқа қажетті бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, жиналған көпшілікке қолжетімді бағада сатылды.

Салтанатты жиында қаламыздың әлеуметтік-экономикалық өркендеп дамуына және қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін колледж қызметерлерін марапаттау рәсімі өтіп, колледж студенттері Тәуелсіздік тақырыптарында театрландырылған көріністер қойып, ән айтып, мың бұрала би биледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары