Арыста еңбегі еленген азаматтар марапатталды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Арыста еңбегі еленген азаматтар марапатталды

17.12.2016, 13:56

Ғасырлар бойы азаттықты аңсаған халқымыздың өшкені жанып, ең асқақ арманы болған Тәуелсіздігімізге биыл 25 жыл толып отыр.

Осы ауыр жолда тағдырдың талай сынағына төтеп беріп, бостандық үшін күреске бар ғұмырын арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алатын қастерлі күн.
Біз өткенімізге құрметпен қарап, болашағымызға сеніммен көз тіккен халықпыз. Әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлшегі ретінде тәуелсіз ел атану тек биік мәртебе ғана емес, сонымен қатар орасан зор жауапкершілік жүгін артатындығын да біз жақсы түсінеміз. Тәуелсіздіктің арқасында қоғамдық-саяси өмірде, экономикада түбегейлі реформалар жасалды.
Осы егемендіктің арқасында Қазақстан халықаралық ареналарда зор жетістіктерге қол жеткізіп келеді. 
Бұл күндері Қазақ елі, барша қазақстандықтар «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруға жаппай жұмылуда.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, XXI ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасыры» болмақ. Әрине, «Алтын ғасырдың» өздігінен орнамайтыны аян.
Оның алтын баспалдақтарымен білімдар қызметкерлердің адами биік парасаты, үлкен ұйымдастырушылық, іскерлік қабілеті мен еңбегі арқасында өрлеп, мәңгі елге айналатынымызға күмәніміз жоқ.
Осыған сәйкес, бүгін қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, қаланың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік және мерейтойлық наградалармен марапаттау рәсімі өтті.
Сонымен қатар шара барысы концерттік бағдарламаға ұласып, әсем әндер мен мың бұралған бишілердің өнерімен жалғасты.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші