Соңғы жаңалықтар

Нұрлы жол

Шымкентте қалаішілік жолдардың ұзындығы 500 шақырымға ұзарды

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысындағы елдімекендерді абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ, қалаішілік, ауылішілік жолдар жаңартылуда. Ал, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы қала тұрғындары үшін ең маңызды саланың бірі болғандықтан, аталған салаға жергілікті билік аса үлкен мән беретіні заңды. 

Шардарада екі жаңа білім ошағы ел игілігіне берілді

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 мектеп! Оңтүстік Қазақстан облысындағы пайдалануға берілген осы білім нысандарының екеуі Шардара ауданына тиесілі еп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

ОҚО Төлеби ауданында бес мектеп пайдалануға берілді

Жаңа оқу жылында Төлеби ауданына қарасты бес елдімекенде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 800 орындық бес мектеп пайдалануға берілді. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ауданның Әңгірата, Абай, Көксәйек, Жіңішке және Керегетас елді мекендерінен ашылған білім ошақтары мектепке баратын бала санының артуына байланысты бой көтерген болатын.

Қазығұртта жаңа көпір пайдалануға берілді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Тұрбат ауыл округіне қарасты Тұрбат ауылы мен Қызылдихан елді мекендерін қосатын көпір құрылысы бітіп, пайдалануға берілді.

Созақта үш бірдей білім ошағы пайдалануға берілді

Жаңа оқу жылы қарсаңында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында үш бірдей білім ордасы ашылды. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

2017 жылдан бастап Маңғыстауда «Тегін кәсіби-техникалық білім» жобасы іске қосылады

Келесі жылы Маңғыстау облысында кез-келген жергілікті тұрғынға тегін кәсіби және техникалық білім алуға мүмкіндік беріледі. 9-шы және 11-шы сыныптарды бітіріп, ешқандай мамандық алмаған оқушылар колледждердің базасында кәсіби білімді сц тегін ала алады. Бұл жайында Маңғыстау облыстық білім басқармасының өкілдері мәлімдеп отыр.