Соңғы жаңалықтар

Нұрлы жол

Асқар Мамин өңірлерде инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын тексерді

Осыдан 4 жылдан астам уақыт бұрын Мемлекет басшысы жариялаған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бүгінге дейін айтарлықтай нәтижесін берді. Өңірлерде, Астана мен Алматы қалаларында жол құрылысы, логистика, өндіріс қарқын алып, тиісінше жұмыссыздық айтарлықтай азайды. Өйткені, осынау нысандарға қажетті мамандар негізінен шетелден емес, өзімізден тартылуда.

«Нұрлы жол» аясында мыңдаған батысқазақстандық биыл пәтерлі болады

Қазақстан тұрғындарының басты проблемаларының бірі – баспана мәселесі. Елде халық санының өсімі мен ауыл жастарының жаппай қалаға көшу үдерісі тұрғынүйге деген тапшылықты одан сайын ұлғайтты.

Қызылордадағы су құбырларының 75 пайызы жаңартылды

Облыстардағы инфрақұрылым нысандарын жаңғырту – «Нұрлы жол» бағдарламасында көрсетілген негізгі міндет екені белгілі. 2014 жылы іске қосылған осынау маңызды құжат аясында жол салу жұмыстарымен бірге халықты сапалы ТКШ нысандарымен қамту мәселесі де қаралған. Яғни, елдіимекендерді көгілдір отынмен, таза ауыз сумен, электр жарығымен қамтамасыз етуді Елбасы Үкіметке қатаң тапсырып, «Нұрлы жолдың» жүзеге асуына жүздеген миллиард қаражат бөлді.

БҚО-да биыл мыңдаған тұрғын таза ауыз сумен қамтылады

Батыс Қазақстан облысының шалғай аудандарын таза сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Әсіресе Қаратөбе мен Шыңғырлау аудандарында жұмыс қарқыны жоғары. Қос ауданның мыңдаған тұрғыны биыл жыл соңына дейін су проблемасынан біржола құтылмақ. Бұл туралы облыс әкімі Алтай Көлгіновтің аталған аудандарға жасаған жұмыс сапары барысында белгілі болды.

ОҚО-да 84 елдімекен таза ауыз сумен қамтылады

Инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аты айтып тұрғандай, Қазақстандағы елдімекендерді өркениеттің соңғы жетістіктерімен, күнделікті тұрмысқа қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни, тегіс жолдарды салудан бастап, ауыл-аймақ ауыз сумен, газбен және электр жарығымен жабдықталады.

Маңғыстау облысында қала тұрғындарының 100%-ы таза ауыз суға қол жеткізген

Маңғыстау облысының тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары биыл да қарқын алатын болады. Соңғы статистикаға сүйенсек, өңірдегі қала халқының 100 пайызы таза суға қол жеткізген. Ал, ауылдық елдімекендерде бұл көрсеткіш 64 пайызды құрап отыр. Бүгінде қалған ауылдарға құбыр тартып, халыққа ауыз су жеткізу үшін бюджеттен қомақты қаражат бөлініп, жұмыстар басталып та кеткен.

Қарағанды облысында кәсіпкерлікті қолдауға 5,7 млрд теңге бөлінді

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында өңірлердегі шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау жұмыстары жалғасуда. Мәселен, Қарағанды облысында кәсіпкерлікті қолдау үшін биыл 5,7 млрд теңге бөлініпті. Бұл қаражат 1500 жаңа бизнес-жобаларға жетеді, ол өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көбірек.

Қазақстанда көппәтерлі үйлерге есептеу құралдарын жаппай орнату науқаны басталады

«Нұрлы жол» бағдарламасының басым бағыттарының бірі – ресурстарды үнемдеу болса, екіншісі – ТКШ саласын жаңғырту. Яғни, ескірген көпқабатты үйлердің есік-терезелерінен бастап, қасбетін, құбырларын, шатырын түгел қайта жөндеп шығу тиіс. Сондай-ақ, бұл жоба аясында су мен электр энергиясының есептеуіштерін жаңарту және орнату жұмыстары да жүргізілмек. Жұмсалатын қаражат үй тұрғындарының өздерінен алынады – ұзақмерзімді несие негізінде.

«Нұрлы жол»: Алматыда жаяу жүргіншілер мен автокөлік жолдары жаңа келбетке еніп жатыр

Мемлекет басшысының 2014 жылы жарияланған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі – автокөлік жолдарын, көліктік-логистиканы дамыту болып табылады. Бұл тек қалааралық жолдарды ғана емес, қалаішілік жолдарға да қатысты. Бағдарлама аясында жол құрылысына миллиардтаған қаржы бөлініп келеді.

Қостанай облысында биыл 291 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты өсіп келе жатыр дегенімізбен, елде әлеуметтік проблемалар әлі де баршылық. Сол проблемалардың ең негізгісі – халықты баспанамен қамту. Жыл сайын республика аумағында жүздеген отбасы пәтерлі болғанымен, халық санының өсуі, тұрғындардың ауылдан қалаға көшу үдерісінің артуы баспана мәселесін күн тәртібінен түсірмей отыр.