Соңғы жаңалықтар

Нұрлы жол

Көптен күткен Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы басталды

«Нұрлы жол» бағдарламасының шарапатын Алматы облысының тұрғындары да көре бастады. Мұнда құрылысы ресми түрде басталған Үлкен Алматы айналма автокөлік жолының (ҮАААЖ) жұмысына енді мыңдаған жергілікті тұрғын тартылмақ.

«Нұрлы жол»: Маңғыстау облысындағы инфрақұрылымдық жобалар қалай жүзеге асып жатыр?

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасының іске қосылғанына да үш жыл болды. Бағдарлама аясында бүгінге дейін республика аумағында мыңдаған шақырым жол жөнделіп, әуе темір жол және теңіз қатынасы да дамып келеді. Қазақстаннан шетелге ұшатын жаңа рейстер пайда болып, Астанада жаңа әуежай мен темір жол вокзалы салынды.

БҚО-да биыл 315 шақырым жол пайдалануға беріліп, тағы 300 шақырым жолдың құрылысы басталады

Батыс Қазақстан облысында биыл екі бірдей трасса пайдалануға беріледі. Олардың бірі жаңадан салынса, екіншісі күрделі жөндеуден өтетін қалааралық маңызы бар күре жол. Сондай-ақ, халықтың ұзақ жылдар бойы күткен 300 шақырымдық трассасы ақыры салынатын болды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Батыс Қазақстан облысына жасаған сапары кезінде белгілі болды.

Қазақстандағы жолдарды сапалы етіп салуға жаңа қондырғылар көмектеседі

Жаңа құрылғыны асфальтбетон, бетон және басқа да жол құрылысы материалдарын зерттеу барысында қолдануға болады. Құрылғылар салмақ пен салмақ жылдамдығы, температураның өзгеруіне байланысты зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстан аймағының климаттық жағдайларын ескере отырып, автомобиль жолдарына түсетін салмақ шарттарын анықтауға болады.

ОҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ірі каналдар жаңартылуда

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасының шарапатын оңтүстікқазақстандық шаруалар да көріп жатыр. Мақтарал ауданында аталған бағдарлама аясында 5 канал қайта құрылымдаудан өткізіліп жатыр. Бұлардан бөлек ауданда 2673,44 шақырымды құрайтын 1310 канал егістік жерлерге кедергісіз су жеткізуде. Яғни, мақтаралдық диқандар биыл ағын судан тапшылық көрмейді.

Қазақстанда көлік инфрақұрылымының тиімділігі артып келеді

Көлік инфрақұрылымының тиімділігін арттыру – қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі. Оның өзектілігіне ерекше мән берген Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында жаңа Еуразиялық инфрақұрылымды дамытуға баса көңіл аударып, Үкіметке 2020 жылға қарай транзиттік тасымалдаудың жылдық мөлшерін ұлғайтуды тапсырған болатын. 

Қытайлық инвесторлар Павлодар облысында логистикалық хаб ашпақшы

Қазақстандағы ірі логистикалық хабтардың қатары тағы біреуімен толықпақ. Бұл жолғы ірі орталық Павлодар облысында  ашылғалы жатыр. Жоба қазақ-қытай әріптестігін нығайту мақсатында және «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасын жүзеге асыру аясында жүзеге асады. Бұл туралы Павлодар облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Турасын айтсақ, Екібастұз аэропортының базасында Қытай Халық Республикасына түрлі өнімдердің экспорты жүзеге асырылатын орталық ашылуы мүмкін. Өзінің Павлодар облысымен серіктес болу ниеті туралы Қытайдың топ-100 ірі экспорттық компания тізіміне енетін ҮЕМА ірі қытайлық корпорациясының өкілдері айтты. Олар аймақ басшысы Болат Бақауовпен бірге ондаған жылдар бойы қаңырап тұрған екібастұздық аэропортқа барып қайтты.

ҮЕМА Group вице-президенті Чен Ганға: – Сіздер бұл жерде логистикалық орталық ашуларыңызға болады, – деген ұсыныс жасады Павлодар облысының әкімі. – Екібастұз Павлодардан небары 120 километр, Астанадан 280 километр қашықтықта орналасқан. Менің ойымша, бұл – хаб құрудың ең ұтымды нүктесі. Осы жерден сіздер Қазақстанда өндірілетін тауарды Қытайға жібере аласыздар. Әлеуетті инвесторлар екібастұздық «QazTomat» кәсіпорнының жылыжайында болып қайтты. Төрт айдың ішінде кешенде 1,2 мың тоннаға жуық қызанақ өсірілген екен. Шығарылатын өнімнің негізгі сатып алушысы – ресейлік «Лента» дүкендер желісі. Күніне 10 тоннаға жуық екібастұздық қызанақ Екатеринбург, Новосібір және Бийскке жөнелтіледі.

– Бүгінде біз 2019 жылдың бірінші жартысында іске қосуды жоспарлап отырған 16 гектарлық жаңа кешеннің құрылысымен айналысып жатырмыз, – деді жылыжай басшысы Ерлан Матымов. – Бұл шығарылатын өнім көлемін күніне 35 тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бәлкім қызанақтан бөлек тағы қияр мен баялды өсіреміз. Павлодарда YEMA Group топ-менеджерлеріне арнайы экономикалық аймақтың әлеуетін таныстырды. АЭА ішінде олар «Guissenhaus» ЖШС қоспалы алюминий өндірісінде болды, сондай-ақ химиялық препараттар өндіретін «АгроХимПрогресс» ЖШС және қатты қыздырылған кокс шығаратын «УПНК-ПВ» ЖШС-нде болып қайтты.

– Синьцзянда жылына шамамен 3 миллион тонна өнім шығаратын алюминий зауыты жұмыс істегендіктен, бізге алюминий шығаруға қажетті, Павлодарда өндірілетін қатты қыздырылған кокс өте қызық, – деп қытайлық корпорацияның вице-президенті Чен Ган атап өтті. – Агроөндіріс кешенінде біз өсімдік майын сатып алу мен Қытайға жеткізу бойынша серіктес болуға дайынбыз. Қытайдан келген қонақтар соңғы 15 жылда Павлодар облысына алғаш келулері екенін айтты. Бүгінде инвесторлар бұл жерде не өсіруге болатынын білу үшін жергілікті нарықты зерттеуде.

Қазақстан мен Финляндия энергия үнемдеу саласындағы технологияларды бірге дамытатын болды

Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесін өткізгені кеше ғана, әлі 1 жыл да болған жоқ. Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбында өткен осынау шараға әлемнің ондаған елі қатысып, тақырып аясында өз жаңалықтары мен жаңа технологияларын көпшілік назарына ұсынған болатын. Омсы көрме аяқталған аз уақыт ішінде еліміз сол технологияларды тәжірибеде қолдана бастады. Қазақстанда қазір энергия үнемдеудің, баламалы энергия көздерінен қуат алудың жаңа әдістері жүзеге аса бастаған.

Елімізде ТКШ инфрақұрылымын дамыту үшін Е-Шаңырақ жүйесі құрылды

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі – тұрғынүй коммуналды шаруашылығы саласына инновациялық жаңалықтар енгізе отырып, оны дамыту болып табылады. Әсіресе, жаңадан салынып жатқан тұрғынүйлер адам жанына қолайлы болып қана қоймай, мемлекетке артық шығын әкелмеуі тиіс.

Алматы облысының Көксу ауданында газ тарату стансасы іске қосылды

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында республика өңірлерін газдандыру жұмыстары жалғасуда. Аталған бағыт бойынша еліміздің оңтүстік облыстарында тұратын миллиондаған тұрғын соңғы екі жылдан бері көгілдір отынға қол жеткізіп келеді. Солардың басым бөлігі Алматы облысының халқы.