Соңғы жаңалықтар

Нұрлы жол

Ақылы жолдардың санын арттыру арқылы бюджет тиімділігін 380 млрд теңгеге дейін жеткізуге болады

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде соңғы үш жылда жүздеген шақырым жол жаңадан салынып, тағы осыншасы күрделі жөндеуден өтті. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, бүкіл өңірлерді Астанамен байланыстыратын автомобиль жолдарының жүйесі қалыптасатын болады. Аталған бағдарламаның мақсаттарының бірі де осы.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған бағдарлама

Бүгінгі таңда Қазақстан жаһандық әлемге еніп, өзінің интеллектуалдық даму деңгейін анықтап, мәртебесін биіктету жолына түсті. Әзірге бізді өзгелер шикізат көзі ретінде қабылдайды. Сондықтан біз өзімізді аяғынан нық тұрған мемлекет ретінде танытып, серпінді серпілісіміз бен ішкі өзекті мәселелерімізді оңтайлы шешіп, алға басар қадамымызды қайта нықтауымыз керек.

Біз «рухани жаңғыру» туралы сөз қозғағанда, қоғам мен мемлекеттің тарихи цейтнотта тұрғандығын, яғни уақыттың аздығын түйсінуіміз қажет.

Қазір біз «қым-қиғаш», «шұғыл бұрылыстары» көп, былайша айтқанда турбулентті заманға кіріп бара жатырмыз. Сырттан келетін тәуекел мен қауіп-қатер күннен күнге қабатталып келеді. Сондықтан рухани жаңғыру тақырыбының күн тәртібіне дер шағында қойылып отырғанын айта кеткім келеді. Бірақ осынау тарихи жүк арқалаған міндетті шешпес бұрын, жаңғыру дегеннің түп негізіне үңіліп, талдау жасағанымыз абзал.

Модернизация, яғни жаңғырту – еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саладағы ілгері дамуының алғышарты.

Американдық әлеуметтанушы Самюэл Хантингтон елді алға сүйрейтін даму мүмкіндіктердің бірнеше қадамын көрсетеді.

Бірінші қадам – жаңғыртусыз вестернизация, яғни Батыс мәдениеті үлгілерін, батыстық мәдениеттің жеке құндылықтарын қабылдау. Бұл бағыт көпшілікке күмәнді болып көрінуі мүмкін. Себебі, вестернизация мен модернизация ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты.

Дәл осындай жолға Египет, Филиппин елдері түскен болатын. Бұл екі елде де нәтижесіз болып, екеуі де бүгінгі таңда қиын жағдайда тұр.

Екінші қадам – бұл вестернизациясыз жаңғырту. Классикалық жаңғырту вестернизация ұғымымен егіз болғандықтан, дамудың бұл әдісі түбегейлі жаңа да тың болып саналады. Кейде оны постмодернизация деп те атайды. Ал бұл жолға жаңа индустриалды Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері түсті. Олар өздерінің бірегейлігін өзгертпей-ақ жаңғыру бағытын таңдады.

Жапонияда Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі американдық басқыншылық ұжымдық құрылымдардың ыдырауына әкеліп соқтырды, милитаристік санаға жол ашты, нәтижесінде либерализация, яғни ырықтандыру басталды. Бірақ ол өз кезегінде дәстүрлі қоғамның бұзылуына алып келді. Сондықтан 50-жылдарды жапон әлеуметтанушылары «дәстүрлі жапон қоғамын емес, мемлекеттің міндет-мақсатын өзгертетін» басқа бағдарлама ұсынды.

Дәл осы сияқты, біздің «Рухани жаңғыру» – қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын және ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, мемлекетімізді жаңғыртудың берік іргетасы деуге болады.

Ендеше, бұл бағытты постмодернизация кезеңіндегі «егеменді модернизация» деп бағаласақ артық емес.

Ерлан Саиров, саясаттанушы.

Дереккөз: «Алматы ақшамы» газеті

Киелі жерлер – ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы біздің қоғамға қозғау салып, санамызға тың серпін берді. Халқымыздың материалдық және рухани әлемі – атамекен, жер-су, әдебиет, өнер мен мәдениет саласын жандан­дыру­да шамшырақ тәрізді қалың жұртшылықтың қызығушы­лығын, ерекше ықыласын тудырды. Елдік ұлы дәстүрді сақ­тай отырып, ұлттық модернизация жасау қоғамды дамыта, көркейте түсері даусыз. Ұлттық мұрат жолында жүзеге асыратын игі істердің бастауын Елбасы: «Замана сынынан сүрін­бей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», – деп нақты айқындап берді.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Қай заман, қандай ел болмасын болашаққа бағдар құрып, жаңару мен жаһандану жолында тыңбай еңбекетері анық. Алға қойылған мақсат, болашаққа құрылған жоспар мемлекеттің өркендеп өсуінің кепілі. Тек жоспар құрып қана қоймай, оны жоғары деңгейде орындай білу де өнер.

«Рухани Жаңғыру»: Алматыда университеттердің «UNIVERSITY 38» атты Альянсы құрылды

Алматыда ЖОО мұғалімдерінің бастамасымен қала университеттерінің Альянсы құрылды. Альянс құрамына оңтүстік астанадағы барлық 38 университеттері кірді. Альянстың негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда жоғары оқу орындарының оқытушылары мен сарапшыларының әлеуетін тартуға мүмкіндік береді.

Министр Ж.Қасымбек 2020 жылға дейін республикалық жолдардың 90 пайызы тақтайдай тегіс болатынын айтты

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу бойынша үлкен міндетті алып отыр. Бұдан бөлек, ауыл жолдарының біраз бөлігін жақсарту жоспарланған деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері Елбасы жолдауын қолдады

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев  2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын жариялады.

Алматы облысында ауылдықтардың 30 жыл бойы күткен мектебі бүгін ашылды

Алматы облысына қарасты Ақөзек ауылының тұрғындары 30 жыл бойы күткен мектептеріне бүгін қол жеткізді. Елдімекен оқушылары бұған дейін аудан орталығына қатынап оқыған.

Алматыда «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми-тарихи карта атты республикалық дөңгелек үстел өтті

Алматыда  «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи карта» жобасының тұсаукесері және дөңгелек үстел өтті. Жобаны ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Ғылым комитетіне қарасты Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және География институты мен Ақпараттық және есептеу технологиясы институты.

Ақтөбеде «Бозой» жерасты газ қоймасы іске қосылды

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» атты жалпыұлттық телекөпір өткені белгілі. Оның аясында бүкіл республика аумағында ондаған жаңа нысан ашылып, пайдалануға берілді. Солардың бірі – Ақтөбе облысындағы «Бозой» жерасты газ қоймасы. Аталған жоба «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асқан.