Соңғы жаңалықтар

Нұрлы жол

«Рухани жаңғыру: Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен жеңістері»

Алматыда Философия, саясаттану және дінтану институтының базасында «Рухани жаңғыру: Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен жеңістері» тақырыбында Алматы қаласы Демократиялық күштері коалициясының отырысы өтті.

Шымкентте ірі көлік-логистикалық орталық ашылды

Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпір барысында бүкіл республика аумағында ондаған нысан ашылған болатын. Солардың қатарында Шымкенттегі «Continental Logistics Shymkent» деп аталатын ірі көлік-логистикалық орталық та бар. Нысан А+ санатында. Ол «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында салынды.

«Жетібай-Жаңаөзен» автожолы қайта жаңғыртылады

Маңғыстау облысындағы «Жетібай-Жаңаөзен» автожолы түгел күрделі жөндеуден өтеді. Жоба «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге аспақ. Бүгін Елбасының қатысуымен өткен индустриаландыру телекөпірінен кейін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жөндеуден өтетін автожолдың басына барып, құрылысшылармен кездесті және жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мемлекет басшысы телекөпір барысында «Шетпе-Ақтау» автомобиль жолын ашты

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Жаңа индустрияландыру: Қазақстан барысының  серпіні» ұлттық телекөпірдің өткені белгілі. Онлайн режимінде бүкіл ел бойынша жаңа индустриалды-инновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық, агроөнеркәсіптік жобалар іске қосылды. Осы телекөпір барысында Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы «Шетпе-Ақтау» автомобиль жолын іске қосты. Жоба «Нұрлы жол» бағдарламаы аясында салынған болатын.

Ақордада «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалу барысы талқыланды

Астанада Қазақстан Республикасы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, комиссия мүшелері «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын талқылады. Жиынға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова төрағалық еткенін айта кету керек.

Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа медициналық нысандар пайдалануға берілді

«100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы өз соңына жеткеннен кейін елімізде денсаулық сақтау нысандарын салу қарқыны аз да болса бәсеңдегені рас. Десе де, халық санының артуы, тұрғындардың қалалық елдімекендерге көптеп шоғырлана бастауы емханалар мен ауруханалар санын тағы арттыруға итермелеп отыр. Сондықтан болар, соңғы бірер жылда Қазақстанда денсаулық сақтау нысандарының саны тағы да артып отыр.

«Нұрлы жол» аясында Жамбыл облысыныда биыл 8 жоба іске асуда

Еліміздегі жол және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту мақсатында іске қосылған «Нұрлы жол» бағдарламасы республиканың барлық өңірінде жүзеге асып жатыр. 2015-2019 жылдарға арналған жоба аясында еліміздегі облыс орталықтарынан Астанаға автокөлік жолдары тартылып (ескілері қайта жаңғыртудан өтіп), әуе және темір жол байланысы дамитын болады. Сонымен қатар, тұрғын үй инфрақұрылымы да қайта жаңғыртылмақ.

Алматыда «Мен жастарға сенемін» атты дәстүрлі патриоттық фестиваль өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін» атты дәстүрлі 5 республикалық патриоттық фестивалінің гала-форумы өтті.

Нұрлы жол: Алматы облысында темір жол телімі мен автокөлік көпірі пайдалануға берілді

2015 жылы тікелей Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасының игілігін қазақстандықтар көріп жатыр. Аталған жоба аясында республика аумағында мыңдаған шақырым жол қайта жөндеуден өтіп, тағы мыңдаған отбасы баспаналы болып үлгерді. Одан бөлек елімізде әуе қатынасы мен темір жол байланысы да даму үстінде. Сөзімізге мысал ретінде Алматы облысында күні кеше пайдалануға берілген екі бірдей нысанды айтуға болады. Олардың алғашқысы «Алматы – Шу» теміржол желісінің екінші телімі болса, екіншісі «Алматы – Шамалған» бағытындағы автокөлік көпірі. Аталған нысандар бүгін салтанатты түрде ашылды.

Таразда «Рухани жаңғыру» орталығы ашылды

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жай ғана науқаншыл жоба болып қалмауы керек. Ол елдің идеологиясын қалыптастырып, қоғамдық сананы шын мәнінде өзгертетін құралға айналуы керек.