27.12.2016, 04:34

Батысқазақстандық журналист Тәуелсіздіктің 25 жылдығына берілген медальдан бас тартты

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданынан басылып шығатын "Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы Серік Жұмағалиев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына берілген наградадан бас тартып отыр. Бұл туралы uralskweek.kz порталы жазды.

Журналист бұл қадамға саналы түрде барғанын айтып отыр.

"Мен мұны жаман марапат деп отырғаным жоқ. Бірақ, бастысы, біз адамгершілік қасиеттерді ұмытып барамыз. Мен билікке немесе өзге біреуге ренжулі емеспін. Маған одан гөрі рухани құндылықтар жоғары, сондықтан бас тарттым", - дейді С.Мұмағалиев.

Оның айтуынша, қоғамда құрмет пен абырой деген қасиеттер ұмыт қалған. Мемлекеттік наградалар көрінген адамның бәріне беріле беретін заман болды дейді ол.

"Мен біреуді кіналап отырған жоқпын. Біз тіпті, өз газетімізде награда алғандардың тізімін жазып, бәрін құттықтап шықтық. Бірақ, мен өзім бұл медальдан бас тарттым", - деді ол портал тілшілеріне берген жауабында.

Осы ретте аута кету керек, дәл осы Батыс Қазақстан облысында 10-сынып оқушысын соққыға жығып, үстінен іс қозғалып жатқан мектеп мұғалімі де Тәуелсіздік күніне орай мақтау қағазын алыпты.