$ 498.34  519.72  4.85

Қарағандылық әйел кішкентай сәбиін пешке салып өртеп жіберген

Жан түршігерлік ауыр қылмысты әйел осыдан бір жыл бұрын жасағанын мойындап отыр. 34 жастағы Қарағанды тұрғыны небәрі 2 жастағы сәбиін пешка салып өртеп жіберген деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Осы жылдың қаңтар айында ерлі-зайыптылар кішкентай қызын ертіп, көрші ауылға қонаққа барған екен. Жарты жолда сәби ата-анасынан қалып қойыпты. Араққа сылқия тойған әйел тек келесі күні ғана есін жиып, қызын іздеуге кіріскен. Бірақ, үсіп қалған өлі денесін ғана табады. Мәйіттен құтылу үшін ерлі-зайыптылар сәбиді пешке салып өртеп жіберіпті.

Араға бір жылға жуық уақыт салғаннан кейін 34 жастағы әйел полицияға өзі келіп, болған жайтты айтып берген. Дереу қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

"2013 жылы туған қыздың жалғыз өзін көшеге тастап кеткен. Сәби үсік шалғаннан қайтыс болды. Ертесіне мәйіттен құтылу үшін олар жер үйлердің біріне барып, жанып тұрған пешке мәйітті өртеп жіберген", - дейді Қарағанды облыстық прокуратурасының аға прокуроры Шыңғыс Нұрдәулетов.

Қазір ерлі-зайыптылар қамауда. Олардың тағы екі баласы бар. Екеуі де балалар үйіне тапсырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары