Оқиға 1 қаңтар күні кешке орын алған. Қарағанды облыстық ТЖД кезекшілік бөліміне төтенше жағдай туралы ақпара сағат 22:40-та келіп түскен деп жазады Informburo.kz.
Кейінірек анықталғандай, Шахтинск қаласының іргесіндегі Шахан ауылында көпқабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып қалған. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.
Үйінділер астында осы үйдің тұрғындары қалып қойған. Құтқарушылар әзірге төрт адамның өмірін құтқарған. Олардың екеуі бала. Сондай-ақ, тағы бір адамның өлі денесі табылды. Мамандар оның мәйітін қираған үйдің астынан алып шықты.
Қазіргі таңда құтқару жұмыстары жалғасып, үйдің не үшін құлағаны анықталу үстінде.